МТРА жаңалықтары

Мемлекеттік органдардың мәліметін өңдеу орталығы ашылды

Жанат Жанмұрзин- «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ СҚО АТО бөлім басшысы.

-Орталықта мемлекеттік органдардың мәліметтері сақталады. Серверлік қондырғы жалға беріледі. Мұнда желімен жұмыстар үнемі жүргізіліп отырады. Онымен қоса ақпарат жіті бақылауда болады.

Кез-келген мемлекеттік орган мұнда ақпарат қалдыра алады. Олар үшін орталықта 10 сервер жұмыс істейді. Бүгіндері олардың 7-еуі бос. Қазір мұнда тек облыстық әкімдік қана өз ақпаратын қалдырған. Кезекте өзге мемлекеттік органдар тұр.

Қайрат Асқарбеков- СҚО ХҚКО директоры.

-Мәліметтерді өңдеу орталығына заманауи қондырғылар орнатылыпты. Ол ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететіне кәміл сенеміз.

Сондай-ақ, орталықта 30 адам жұмыспен қамтылған. Солардың бірі Мирас Абжанов. Ол мәліметтерді өңдеу процессін қадағалап отыратын болады.

Мирас Абжанов- «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ СҚО АТО аға инженері.

-Мәліметтерді өңдеу орталығы соңғы халықаралық сапаға сай келеді. Қауіпсіздіктің барлық стандарттарына сай.

Алдағы уақытта облыстық әкімдік пен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ меморнадум жасауды жоспарлап отыр. Айта кеткен жөн, мәліметтерді өңдеу орталықтары Елбасының тапсырмасы бойынша «Ақпараттық Қазақстан- 2050» бағдарламасы аясында жүргізіліп жатыр. Сөйтіп, қазіргі таңда еліміз электронды үкіметті енгізу бойынша әлемде 28-ші орынға жайғасқан.

 

 

Магжан Ахмадина.