Аптадағы маңызды жаңалықтар

«Нұр Отан» партиясының кезекті 16-шы съезі өтті

Анатолий Башмаков – «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің мүшесі, Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары.

-Үстіміздегі жылдың 14-ші ақпанында Қазақстан халқы ассамблеясы биыл елімізде Президент сайлауын ұйымдастыру туралы бастама көтерген болатын. Оны алғаш болып «Нұр Отан» партиясы құптады. Кейін барша жерлестеріміз де қолдау көрсетті. Осы жиын алдында мен Солтүстік Қазақстан облысында болдым. Онда мен ардагерлермен, жоғары оқу ордасының студенттерімен, зиялы қауым өкілдерімен кездестім. Барлығы сізге қолдау танытуда.

Жасыратыны жоқ бүгінгі күні Қазақстан үйренуші елден үйретуші елге айналуда. Съез жұмысы барысында ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің атынан сөз сөйлеген жерлесіміз Анатолий Рафальский оны тағы бір мәрте растады. «Тайынша – Астық» серіктестігінің бас директоры мемлекет тарапынан жасалынып жатқан қомақты қолдау үшін Елбасына алғысын айтты.

Анатолий Рафальский – «Тайынша Астық» ЖШС бас директоры.

-Мен басқарып отырған серіктестік өз жұмысын 13 мың гектар алқапқа егін егуден бастаған болатын. Ал қазір бізде 60 мың гектардан астам жеріміз бар. Өндірісіміз толығымен автоматтандырылған. Соңғы уақытта мемлекеттің қолдауының арқасында шаруашылығымыздың дамуына 50 миллион теңге инвестиция салдық. Жасыратыны жоқ қазіргі таңда бізден технологияларымызды Ресей, Германия мемлекеттерінен үйреніп, тәжірбие алмасуға келеді. Мұндай нәтижеге сіздің сарабдал саясатыңыздың арқасында жетіп отырмыз.

Нұрсұлтан Назарбаев – «Нұр Отан» партиясының төрағасы, Қазақстан Республикасының Президенті.

-Мен сіздің атқарып жатқанжұмысыңды білемін. Қазір осы кісінің атқарып жатқан шаруасына жоғары баға беремін. Себебі көптеген елдерден сіздерге келіп үлгі алып жатыр. Сондықтан сізге ризашылығымды білдіремін.

Жалпы құрылтайда 10-нан астам азамат сөз алып, осы күнге дейін жеткен жетістіктерін баян етіп, Нұрсұлтан Назарбаевқа болашақ саайлауда өзінің кандидатурасын ұсынуды сұрады. Жиында Елбасы мүлікті заңдастыруға да қатысты өз ойын білдірді. Яғни бизнес өкілдеріне шетелде қаражаттары болса, оны елге қайтару керектігін қадап айтты. Себебі:

Нұрсұлтан Назарбаев – «Нұр Отан» партиясының төрағасы, Қазақстан Республикасының Президенті.

-Басқа жақта бізге Отан жоқ. Біздің жақсы көретін онда адам жоқ. Күтіп отырғанда адам жоқ. Барлығы осында. Көп ақша тапқан жерде онша бақыт болмайды. Өз еліңмен бірге болмасаң, елің тыныш болмаса. Жұртың аман болса сонда ғана бақытты боласың. Принисите деньги Казахстан. Пусть они работают на нас.

Жиын барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттілікті нығайтуға арналған өзінің жаңа 5 реформасын алға тартты. Яғни алдағы уақытта мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктіліктеріне баса назар аударылмақ. Сондай-ақ Президент елімізде болашақта жемқорлыққа жол бермеу үшін білімді де білікті судьяларды іріктеу керектігін қадап айтты. Мұнымен қоса Индустрияландыру бағдарламасына да айтарлықтай көңіл бөлінбекші. Партия төрғасы сондай-ақ Қазақстандықтарды болашақ ұлттың бірлігін сақтауға шақырды. Осылайша Президент жиын соңында саяси әрі маңызды науқан – сайлауда «Нұр Отан» партиясының атынан өз кандидатурасын ұсынуға келісімін беретіндігін жария етті.

Нұрсұлтан Назарбаев – «Нұр Отан» партиясының төрағасы, Қазақстан Республикасының Президенті.

-Сіздердің айтып жатқан әрбір сөздеріңіз сүйектен өтетін лебіз. Әр саясаткерге осыны есту одан артық мәртебе жоқ. Бұдан артық қуаныш жоқ. Баршаларыңызға рахмет. Сіздердің көтеріп жатқан бастамаларыңызға қосылып мен сайлауда “Нұр Отан” партиясының атынан өз кондидатурамды ұсынуға дайынмын.

Айта кету қажет Қазақстан Елбасының жетекшілігімен осы күнге дейін талай сын-сынақтардан абыроймен өтті. Тынымсыз еңбекпен, тиянақты іс жасап келген перзидентке бұл жолы да халық сенім артып отыр.

Ерік Сұлтанов – “Нұр Отан” партиясы СҚОФ төрағасы, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

-Біздің Солтүстік қазақстандық делегаттар жақсы сөздерін де айтты. Елбасына қолдау танып отыр. Сондықтан болашақ сайлауға бар күш – жігерімізді салып дайындаламыз. Нақты тапсырмалар берді. Осының барлығы біз ұйымдастырып орындауымыз керек.

Сауытбек Әбдірахманов – «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің мүшесі.

-Елбасы Нұрсұтан Назарбаевтың бүгінгі сөзі сайлауалды тұғырнамасы деп айтуға болады. Осы 5 бағыт бойынша іргелі реформалар жүзеге асырылады. Өйткені президент оның жолдарын нақты көрсетіп отыр.

Қамал Бұрханов – ҚР парламенті мәжілісінің депутаты.

-Бес бағыт – стратеригялық бағыт. Мемлекетіміздің клешегіне, ілгері басуына, өсіп, өркендеуіне орасан үлесін қосатын,30 дамыған елдің құрамына кіруге бағдарламалар.

Роза Өтеғұлова – Съез делегаты, Маңғыстау облысы.

-Бізге керегі елдің тынышытығы, сәбилердің күлкісі, жұртымыздың амандығы. Қазақстанымыздың әлемге танылуы Елбасымыздың ерең еңбегі деп белемін. Сондықтан да мен Нұрсұлтан Назарбаевты қолдап өз дауысымды беремін.

Сондай-ақ билеуші партияның Саяси кеңесі мен Орталық бақылау-ревизиялық комиссиясының мү­шелері қайта сайланды. Осылайша құрам 46 пайызға жаңарды.

 

 

Самат Джакупов.