Без категории

Елі мен жері үшін от кешкен майдангерлер ұмыт қалмайды

Федор Щеглов – Ұлы Отан соғысының ардагері.

-Бізді жүк көлігіне отырғызып, ұрыс даласына алып кетті. Сол кезде анам мен қарындасым қимай қоштасқан болатын, ұзаққа дейін көліктің ізімен жүгіріп отырды. Сол сәт әлі де көз алдымда.

Жас сарбаз алғашқы дайындығын Уфа қаласының маңында өткен. Сол жерде 3 ай бойына танкіге қарсы қарудан және тапаншадан атуды меңгеріпті.

Федор Щеглов – соғыс ардагері.

-Тек бір зеңбіректің ұзындығының өзі бір жарым метр, ал салмағы 16 келі болатын. Ол брондалған танкіні жоюға қауқарлы еді.

Сөйтіп, сарбаз 371 атқыштар дивизиясының құрамында отанын қорғаған. Жауынгер алғашқы ұрысқа Кенигсберг қаласының маңында түсіпті. Қан майдандағы ерлігі үшін майдангерге мына медаль табысталған. Соғыс ардагері бірінші рет неміс қаласының маңында досынан айырылып қалғанын былайша еске алады.

Федор Щеглов – соғыс ардагері.

-Сол уақытта қатты шөлдеп, су іздедік, бір көлшікке жетіп қарасақ, біздің жауынгердің өлі денесі су бетінде қалқып жатыр. Амалдың жоқтығынан сол тұзды суды ішуге тура келді.

Осылайша, қайғы мен қасіретке толы жылдарды жерлесіміз аман-есен өткеріп, елге оралады. Қарияның төсін көмкерген мына ордендер мен медальдар сол соғыстағы солтүстікқазақстандық ардагердің ерлігінің дәлелі.

 

Бакыт Садуакасов.