Денсаулық сақтау

Эбола індетіне қарсы оқу-жаттығу жиыны өтті

Роллан Джұмағазиев, Явленка орталық аудандық ауруханасының дәрігер-эпидемиологы.

-Эбола безгегін жұқтырған адамның дене қызуы 39 градусқа дейін көтеріледі. Бойында әлсіздік пайда болып, басы қатты ауырады. Мойын, бел, аяқ бұлшықеттері сыздайды. Науқастың іші өтіп, құсады. Бірнеше күннен соң, нәжісте қан пайда болады. Бұл дертпен науқастанғанда емделіп шығу өте ұзаққа созылады.

Эпидемиолог-дәрігер осы жерден ұзамай бірден тұтынушылар құқығын қорғау агенттігіне эбола індетін жұқтырған адамның сапаржайға келгені жайлы хабарлама берді. Кейін, сырқаттанушымен байланыс жасаған жолаушылар анықталып, олар дереу оқшау жерге орналастырылды. Ал вирус жұтырған адам қаладағы 1-ші аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесіне жеткізілді. Біріккен іс-қимыл бар-жоғы 10 минут ішінде орындалды.

Қайрат Садықов, СҚО ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасы офицерінің міндетін атқарушы.

-Эбола індетіне қарсы тактикалық шара “Көктем-2015” республикалық командалық-штабтық жаттығулары аясында өтіп жатыр. Мұндағы басты мақсат, Эбола безгегінің таралуына жол бермеу және медициналық қызметкерлер мен санитарлардың төтенше жағдайда іс-әрекеттерін пысықтау болып табылады.

Әлемді дүрліктірген Эболаға қарсы осындай бірлескен оқу-жаттығулар келешекте тоқсан сайын өткізілмек.

 

Берик Касен.