Білім

Білім саласының дамуы

Сергей Копотилов – “Титан-Север” ЖШС учаске прорабы.

-Қазір балабақша тұрғызылатын алаңды дайындап жатырмыз. Ағаштардың тамырларын қопарып, іргетастың орнын әзірлеудеміз. Жарық және жылумен қамту үшін келісім жасалды. Қар еріген соң тиісті желілер тартылады.

Алдағы уақытта мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында облыс орталығында тағы осындай 3 балабақша салу көзделіп отыр. Бұл Петропавлдағы балабақша мәселесін шешуге септеспек. Бүгінде қалада кезекте 10 мыңнан артық бала тұр екен. Жалпы, қазіргі таңда бүкіл облыс бойынша 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту деңгейі 93 пайызды құрайды. Келекшекте бұл көрсеткіш Елбасының білім саласын жаңғырту және “Балапан” бағдарламасын жүзеге асыруды жалғастыру туралы тапсырмасын орындаудың арқасында тек жақсара бермек.

Орта білім беру жүйесінде де заман талабына сай сапаға көп көңіл бөлінуде. Өңірде жалпы білім беретін мектептердің жұмысына Назарбаев зияткерлік меткептерінің әдістері енгізіліп жатқаны белгілі. Яғни, бұл оқыту тәсілі оқушылардың функционалды сауаттылығын арттыруға бағытталған.

Күлпәш Қалғожина – СҚО білім басқармасы басшысының орынбасары.

-Бұл бағытта деңгейлі крустардан өткен 1 700 мұғалімге үлкен рөл жүктелуде. Олар мектеп бағдарламасын зерттеудің заманауи әдістемесін меңгерген.

Білімнің сапасын арттыру мақсатында мұғалімдер үшін түрлі жиындар өткізіліп тұрады. Биыл осындай 36 семинар ұйымдастыру жоспарланған. Соның бірі бүгін география пәніне арналды. Семнар-тренинг қызықты өтті әрі түрлі әдіс-тәсілдерді меңгердік дейді ұстаздар қауымы.

Күләй Шекенова – Шал ақын ауданы Жаңажол орта мектебінің география пәні мұғалімі.

-Балаларда қазіргі таңда сабаққа деген қызықпаушылық болуы мүмкін. Ұялы байланыс, интернет желісі деген бар. Балалар соларға көбірек қарайды. Сондықтан, біз де өз білімімізді заман талабына сай жетілдіріп отыруымыз қажет.

Екі күнге созылған семинарға барлығы 50 мұғалім қатысқан. Соңында оларға арнайы сертификат табыс етілді.

Сондай-ақ, өңірдегі 9 колледжде кадрлар дуалды оқыту бойынша әзірленуде. Биыл тағы үшеуі осы жүйеге көшпек. Барлығы облыста бүгінде техникалық-кәсіби білім беретін 27 мекеме бар. Оларда 13 жарым мыңға жуық студент оқуда.

 

 

Данаш Хамзина.