Билік

Аққайың ауданының жаңа әкімі тағайындалды

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

-Ауданда бірқатар мемлекеттік бағдарламаларды орындау бойынша әлі де қарқынды жұмыс атқарылуы тиіс. Инвестиция тарту, өнеркәсіпті қайта өңдеу, құрылыс саласын жандандыру мен дамыту бағытындағы жоспарларды орындау міндеті тұр.

Дәурен Байтөлешов еңбек жолын 2003 жылы прокуратура органында қызмет етуден бастап, кейін басшылық қызметтерді атқарған. 2012 жылдан бүгінгі күнге дейін ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің өңірлік даму бөлімінде бас инспектор болып қызмет атқарған. Аудан әкімі Елбасы мен өңір басшысы жүктеген міндеттерді абыроймен атқаратынын айтты.

Дәрен Байтөлешов – Аққайың ауданының әкімі.

-Құрметті Ерік Хамзаұлы маған артылған сенім үшін мен Елбасы мен Сізге үлкен алғыс білдіремін. Алдағы уақытта Президенттің, үкіметтің және Сіздің тапсырмаларыңызды мүлтіксіз орындауға бар күш-жігерімді саламын.

Аудан активі де жаңа басшыға сенім артып, сәттілік тіледі. Жиын соңында Ерік Сұлтанов аудан әкімін жұмыс орнымен таныстырды.