МТРА жаңалықтары

Жергілікті саябақ Мәскеуден жүлделі оралды

Владимир Козлов- “Мир аттракционов” ЖШС құрылтайшысы.

-Жалпы Қазақстанның атынан Петроправл мен Павлодар қалалары бағымызды сынап көрдік. Мен бұл байқау жайлы 8 жыл бұрын естігенде-ақ, қатысқым келген. Бірақ Петропавл сияқты кішкентай қала Париж, Лас-вегас сынды үлкен қалалармен теңесе алмайды деп ойладым. ТМД елдерінің ішінде бізге Мәскеу, Сочи, Душанбе бәсеке тудырды.

155 жылдық тарихы бар саябақ Қазақстандағы ең көне демалыс орны саналады. 1860 жылы құрылған нысан бүгінде құлпырып, әр-түрлі құрылғылармен жаңара түскен. Саябақты абаттандыруға да соңғы уақытта ерекше көңіл бөлінуде.

Владимир Козлов-“Мир аттракционов” ЖШС құрылтайшысы.

-Өткен жылы 1300 тал петунья гүлін отырғыздық. Осы жылы олардың санын 1700-ге арттырмақшымыз. Және 870 тал роза гүлдері саябақтың сәнін келтірмек. Сонымен қатар “колобок” балалар қалашығын ашу жоспарда бар. Онда өзімізге таныс осы аттас ертегінің кейіпкерлері орналыстырылатын болады.

Біздің қаланы есепке алмағанда, Қазақстан бойынша барлық аттракциондар саны 60-тан асатын көрінеді. Ал бір Қызылжардағы әткеншектердің саны 40-қа жуық. Сондай-ақ, жергілікті саябақ еліміздегі Алматы қалалық президент саябағынан кейінгі екінші орында тұр. Бүгінде Петропавлдық саябақта 50 адам қызмет жасайды. Қазір олар жаңадан әкелінген үш карусельді орнатып жатыр.

 

 

Акбопе Танирберген.