Без категории

ҰОС ардагерінің естелігі

Полина Копотилова – Ұлы Отан соғысының ардагері.

-1942 жыл. Жасым – 18.-де. Мамыр айының басы болатын. Біз далада картоп ектік. Үйге кірсек әскери комиссариаттан шақырту келіпті. Содан медициналық тексеруден өтіп, соғысқа жарамды деп таныды. Менен қандай құрылымға барасың деп сұрағанда, мен танкист боламын дедім. Мені кейін жүргізушінің оқуына жіберді.

Сол жылдың маусым айында ант қабылдап, Полина Копотилова өзге қыздармен бірге Қиыр Шығыста жапондарға қарсы жүріп жатқан майданға аттанады. Сонда Батысқа жібермегеніне қынжылдық дейді. Өйткені, олар қанышер фашистермен шайқасқылары келіпті. Әскери бөлімге поезбен 13 тәулік жүріп, ашығып жеткен екен.

Полина Себастьяновна Хабаров облысы төңірегінде аэродромға жанар-жағармай жеткізумен айналысыпты.

Полина Копотилова – Ұлы Отан соғысының ардагері.

-Бірде көлікпен келе жаттым. Қасымда тағы бір адам бар. Кенет жолдың ар жағына – кюветке түсіп бара жатқандай болдым. Ол машинаға жүктің дұрыс салынбағанының салдары. Бірден рөлді солға бұрып, тежегішті басып қалдым. Көліктің төрт дөңгелегі көкке қарап бір аударылып түсті. Өзіміз аманбыз. Ал май құйылған бөшке жарылып, сұйықтық сыртқа төгілді. Бұл 43-ші жыл болатын. Содан жерге сіңген майдың кетпегенін 45-шы жылы да көрдім.

Полина Копотилова 2 бала тәрбиелеп өсірген. Бір ұл, бір қыз. 5 немересі мен 5 шөбересі бар. Қазір қызының қолында тұрады.

Татьяна Моор – Полина Копотилованың қызы.

-Анам – өте мейірімді адам. Белсенді. Бірақ, соңғы уақытта денсаулығына байланысты ешқайда шыға қоймайды. Бұрын саяжайда еңбектенетін. Тіпті, жаз бойы сонда қонатын. Табиғатты жақсы көреді. Қазір теледидар қарайды, жаңалық оқиды. Әсіресе, сөзжұмбақ шешкенді ұнатады. Анама мықты денсаулық пен ұзақ ғұмыр тілеймін.

Полина Копотилованы қызының алақанында ұстап отырғаны көрініп ақ тұр. Мейрам күндері қарт майдангерді бала-шаға, туған-туыс құттықтауға келеді екен. Анам қонақтарды жақсы көреді. Сонда мерекелік дастарқан жайып, анамның сүйікті тағамы – ет салынған бәліш пісіріп беремін дейді ардагердің қызы.

 

 

Данаш Хамзина.