МТРА жаңалықтары

СҚО тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінде кеңес беру орталығы ашылды

Татьяна Горлова – СҚО тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті басшысының орынбасары.

-Бұл кеңес беру орталығының басты міндеті сапасыз тауардан зардап шеккен тұрғындарға методикалық көмек көрсету болып табылады. Тұтынушылардың құқығын қорғау бөлімінде күнделікті біздің мамандар қабылдау жүргізеді. Ал мен департамент басшысының орынбасары ретінде айдың алғашқы дүйсенбісі мен соңғы бейсенбісінде халықты қабылдаймын. Онда барлық көкейкесті сұрақтарды қоюға болады.

Сонымен қатар департаментте азаматтардың қоғамдық ұйымдарға да көмекке жүгіну жағдайы жасалған. Яғни бұл жәшікке салынған хаттар аталмыш ұйымдарға жолданады. Және де СҚО тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті басшысының орынбасары Татьяна Горлованың айтуы бойынша олар теріскейлік кәсіпорындармен тығыз әріптестікте. Егерде, халық тарапынан шағым түсіп, шу шығып жатса өнеркәсіптермен бірге олқылықты реттейді.

Татьяна Горлова – СҚО тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті басшысының орынбасары.

-Арызды дұрыс беру үшін міндетті түрде тауарды сатып алғанды растайтын түбіртек болуы қажет. Сонымен қатар денсаулыққа зиян келтірсе медициналық ұйымның тұжырымы болуы шарт. Ондай құжаттар болғанда бізде тұтынушыларға көмектесеміз.

Айта кеткен жөн, қазіргі таңда департаментте тұтынушылар үшін 52-14-36 нөмірі бойынша қауырт желі жұмыс істейді.

 

 

Риат Шони.