Құқық қорғау органдары

Петропавлда “Есірткі”операциясы жүріп жатыр

Диана Смағұлова, Петропавл қалалық ІІБ есiрткi бизнесiне қарсы күрес бөлiмiнiң аға жедел уәкiлi.

-Есірткі заттарын пайдаланудың алдын алу мақсатында полицейлер Петропавл қаласындағы көңіл көтеретін орындарда рейдтік іс-шара жүргізеді. Айта кеткен жөн, жыл басынан бері қала аумағында есірткінің заңсыз айналымына байланысты 35 қылмыстық іс тіркелсе, 50 гр-нан артық героин тәркіленген.

Сонымен қатар “Есірткі” алдын алу шарасы аясында полиция қызметкерлері 6 қылмыстың бетін ашып, 10 граммдай героинді заңсыз айналымнан шығарыпты. Ал жыл басынан бері мұндай 89 факт тіркелген екен. Оның ішінде үшеуі рұқсат етілмеген дүниелерді контрабандалау әрекеті болса, 15-і есірткі сату.

 

Акбопе Танирберген.