МТРА жаңалықтары

Облыс ауданында “Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020” бағдарламасының үшінші бағыты бойынша баспаналардың кілттері табыс етілді

Ксения Мамлютова – Смирново ауылының тұрғыны, Аққайың ауданы.

-Бізге баспана кілті беріледі дегенде алғашында күдіктендік. Дегенмен, пәтер кілтін салтанатты түрде табыстағанда қуанышымызда шек жоқ. Әрине, осындай кең әрі жаңа баспанаға ие болғанымызға қуаныштымыз.

Жайлы баспанаға қол жеткізгендердің келесі бірі – Арай Еркишова. Ол жұбайы екеуі жас отбасы ретінде аудан орталығында кезекке тұрып, көп ұзамай мына пәтерге қоныстанған. Енді нәзік жанды кез-келген қонақты өз шаңырағында дастарқанға шақыра алатын болды.

Арай Еркишова – Смирново ауылының тұрғыны, Аққайың ауданы.

-Өте қуаныштымыз осы үйге қол жеткізгенімізге. Рахмет айтамыз үкіметке, бәрі бар. Қаладағы үй секілді. Өзімізге ыңғайлы, жақсы, жылы, өте қуаныштымыз осы үйге қоныстанғанымызға.

Аққайың ауданында “Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020” бағдарламасының 3-ші бағыты, яғни “жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу” бойынша 10 баспана аққайыңдықтардың игілігіне тапсырылған. Енді қоныс иелері жалға берілген пәтерге ай сайын бес мың теңгеден 5 жыл бойы төлемек. Ал кейін олардың қалауы бойынша үйді сатып алуларына мүмкіндік бар.

Зәуреш Сағындықова – Аққайың ауданының жұмыспен қамту орталығының директоры.

-Тұрғын үйдің құрылысы өткен жылдың желтоқсан айында ақталды. Бұл баспаналарға жаңа отау құрған жастар мен жетім балалар қоныстанды. Үйді бермес бұрын, бізге өтініш түсірген әр азаматтың отбасылық жағдайы мен тұрақты табыс көзінің бар-жоғына назар аудардық. Баспалардың кілттері үстіміздегі жылдың 11-ші ақпанында тапсырылды.

Жалпы қолданысқа берілген 10 пәтерді тұрғызуға ел қазынасынан 77 миллионнан астам қаражат бөлінген.

 

 

Бакыт Садуакасов.