МТРА жаңалықтары

Бейбітшілік болса ел дамиды

Наиль Салимов – облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі.

-Елбасымыз Қазақстанда тұратын ұлттардың келісімде тұруына әу бастан, яғни тәуелсіздік алған жылдардан бастап басымдық беріп келеді. Тіпті, елімізде әр этностың құқығы барлық дәрежеде тең деп ҚР-ның Конституциясында көрсетілген. Осы Ассамблея құрылған жылдардан бастап біз бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып экономикамыз қарыштап дамып келеді. Тиісінше, елімізде жыл сана көркейе түсуде.

1995 жылы ҚХА СҚО-тық филиалында 6 этномәдени орталық болатын. Қазір оның саны 23-ке жетті. Бұдан өзге аудандарда 106 этнобірлестік жұмыс істейді. Бертін келе өңірімізде қоғамдық келісім ұйымы, ақсақалдар мен аналар кеңесі пайда боды. Аталмыш ұйымдар да өз алдына Қазақстандағы қоғамдық келісімді нығайтуда өз үлестерін қосып келеді.

Наиль Салимов – облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі.

-Бізде әлі де этникалық ерешеліктерді зерттеген жөн болады. Сондықтан былтыр М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де Қазақстан халқы Ассамблеясының кафедрасы ашылды. Онымен қоса ел көлемінде алғаш рет өңіріміздің арнайы жалпыға орта білім беретін мектептерде “Бейбітшілік және келісім” кабинетері ашылып жатыр. Біздің облыс Ресейдің 3 өңірімен шекаралас. Сондықтан көршілес ел қазір Н.Назарбаевтың Қазақсатандағы қоғамдық келісімнің моделін игеріп жатыр.

Биыл ҚХА-ның 20 жылдығына орай елімізде, соның ішінде теріскейде түрлі шаралар өтіп жатыр. Солардың бірқатары “Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы”, “20 ізгі іс” деп аталады.

 

 

Берик Касен.