Өнеркәсіп

Балық өңдейтін “Белова” ЖК нарықта 12 жыл тоқтаусыз жұмыс істеп тұр

Татьяна Лебедева, “Белова” ЖК балық өндірісінің технологы.

-5 жыл көлемінде технолог міндетін атқарып жүрмін. Мұнда біз сұраныс жоғары болу үшін өнімді таза әрі сапалы етіп өңдеуге тырысамыз. Балыққа тұздан басқа ештеңе қоспаймыз. Температура режиміне сай балық -5,- 6 градуста сақтаса, ол 3 айға дейін бүлінбейді.

Екінші бөлмеде жұмысшылар скумбрия, құныс сынды кішкентай теңіз балықтары мен майшабақтарды арнай ыдыстарға салып жатыр. Жалпы бүгінде “Белова” ЖК-де 25 адам еңбек етеді. Олардың орташа айлық жалақысы 60 мың теңгенің маңайында.

Александр Боцвин, “Белова” ЖК директоры.

-Бізге қаладағы дүкендердің барлығынан тапсырыс түсіп тұрады. Сондай-ақ, СҚО-сы мен Астана қаласының сұранысын қанағаттандыруға тырысамыз. Жалпы жылына 200 тонна мұздатылған, сүрленген, қақталған, тұздалған өнім түрлерін әзірлейміз. Өнімдеріміз “Бел рыба” сауда белгісімен шығады.

“Белова” ЖК-нің облыс орталығында балық өнімдерін өткізетін жеке сауда нүктелері де бар.
Аталмыш кәсіпорын биыл “Қазақстанда жасалған” республикалық акциясына ат салысып, өнімдерін төмен бағамен өткізіп жатыр.

 

 

Берик Касен.