Аптадағы маңызды жаңалықтар

Сауда орталығы ашылды

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі.

-Елбасының ұйымдастырылмаған сауда орындарын қалыпқа келтіру жұмыстары өңірде жақсы жүзеге асырылып жатыр.Бұрындары болған ашық сауда нүктелері жабылып, орнына заманға сай орталықтар ашылып жатыр. Жаңа ашылған ғимарат құтты болсын.

Кейін сауда орнының таспасы қиылды. Бұдан соң өңір жетекшісі Ерік Сұлтанов сауда орталығында сатушыларға қандай жағдай жасалғандығын көрді. Мұнда заманауи 600 бутик пайда болды. Жарық, кең әрі жылы сауда нүктелерінде кәсіпкерлер біртіндеп тауарларын жайғастырып жатыр.

Олег Писаренко- кәсіпкер.

-Сауда нүктесінің қаншалдықты ыңғайлы екендігін өздеріңіз де көріп отырған шығарсыздар. Қыста жылы, жазда кондиционер жұмыс істейтін болады. Жөндеу жұмыстары да сапалы жасалан. Бутиктердің қабырғаларына пластик емес, айналар орнатылған. Ол сатып алушыларды да қызықтырады.

Жаңғырту жұмыстарына инвесторлар 1 млрд. теңгеге жуық қаржы жұмсапты.

Юрий Захаров- инвестор, Қазақстан халқы ассамблеясы кеңесінің мүшесі.

-Бұл қаладағы алғашқы жөндеу көрген базар. Жуық арада 70 машинаға шақталған автотұрақ ашылады. Бұдан бөлек, үстіңгі қабатта балалар ойнайтын алаң пайда болады. Ата -аналар сауда жасауға кетсе, балғындарын сол жерге алаңсыз қалдыра алады. Кәсіпкерлер үшін баға әлі белгіленген жоқ. Бірақ айта кеткен жөн, біз 10 жыл көлемінде жалға алушылар үшін бағаны көтерген емеспіз. Талай кәсіпкерлерге осы салада алға жылжуына жол аштық.

Солтүстікқазақстандықтарға бұрыннан таныс, сауда орны ашылды дегенді естіген жұрт, осында ағылуда. Әрине олар жаңарған орталықтың пайда болғанына қуанышты.

– Жақсы екен. Жақсы жөндеу жұмыстары істеліпті.Халықтарға барлық тауарлар бар. Ризамыз.

– Жарық, таза, іші кең екен. Енді сауда жасап, қыдыруға да ыңғайлы. Бұрынғымен салыстыруға да келмейді.

Айта кеткен жөн, келешекте тағы 10 сауда нүктесінде осындай жаңғырту жұмыстары жүргізілмек.

 

 

Магжан Ахмадина.