МТРА жаңалықтары

“Томирис” сән театрының мерейтойлық көрсетілімі өтті

Ксения Борисова – “Томирис” сән театрының түлегі.

-Топтамалардың ішінде бөліп-жаратыны жоқ. Бірақ ұлттық нақыштағы костюмдерді ерекше атап өтер едім. Себебі біз театр құрамында болғанда оларды Испания, Италия, Франциядағы фестивальдерге кигенбіз. Ал Тунисте болған көрмеде “Гаухарлар” атты қазақы көйлектерді таныстырып жүлдегер атандық. Әрине бәрі де жетекшіміздің арқасы.

Қыздар жас ерекшеліктеріне байланысты 3 топқа бөлініп оқиды. Дарья Ремезова 4-10 жас аралығындағы ең кіші топтың тәрбиеленушісі. Бүгінгі көрмеде оның өз қолымен жасаған “Тильда” атты қуыршағы мен қол сөмкесі қойылған. Сонымен қатар сәнқой қыз бүгін шілтері толқындар топтамасын таныстырады.

Дарья Ремезова – “Томирис” сән театрының қатысушысы.

-Мен театрға 8 жылдан бері қатысамын. Біз мұнда өзімізге киім тігеміз. Менің үстімдегі мына көйлекті ересек топтың қыздары тоқыды. Мен де болашақта өзім тоқитын боламын. Театрға келген маған ұнайды, себебі мұнда үйренетін дүние көп. Мысалы, 8 наурызға анама сыйлықты өз қолыммен жасап беремін.

2000 жылы құрылған театр бүгін 15 жылдық мерейтойлық сән көрсетілімін өткізді. Бүгін олар “Сакура”, “Періште”, “Ергежейлілер”, “Көктем”, “Наурыз жаршысы”, “Шілтерлі толқын” аталатын киім үлгілерін таныстырды.

 

Ақбөпе Тәңірберген.