Денсаулық сақтау

Қалада көктайғақтың салдарынан тұрғындар жарақат алуда

Валерий Грибашов – үшінші қалалық аурухананың жарақат бөлімінің меңгерушісі.

-Олардың 100-і жеңіл жарақат алған. Ал 60-ы сүйек сынығымен келсе, 28-інде сіңір еттері созылып кеткен. Әрдайым мереке күндері жарақат алатындардың саны артады. Көбіне бұлардың барлығы көктайғақтың салдарынан.

Наурыздың 10-ында да жарақат бөліміне 40 шақты адам жүгініпті. Абырой болғанда тек 12-інде ғана сынық табылған. Тағы сегіз адамның сіңірі созылған екен. Солардың бірі Лариса Цокало.

Лариса Цокало.

-Таңертең дүкеннен келе жатқанмын, далада көктайғақ, соның салдарынан тайғанап құлап түстім. Нәтижесінде міне тізем ісіп кетті.

Дәрігерлердің айтуы бойынша мұндай жарақаттар көбіне асыққандықтан болады. Мамандар солтүстікқазақстандықтарға қоғамдық көліктерден түскен кезде абай болу керектігін ескертеді.

-Көктайғақта жарақат алдым, енді міне жұмысқа шықпай үйде отырмын.

-Көліктер қатынайтын және де адамдар жаяу жүретін жерлерді жиі тазалау қажет.

-Әрдайым құм төгіліп отырса, осындай жарақаттар да болмаушы еді.

 

 

Риат Шони.