МТРА жаңалықтары

Петропавлда “Краса и гордость Северного Казахстана” атты кітабының тұсаукесері өтті

Галина Воробьева – жазушы.

-8 наурыз мерекесіне орай тұсауы кесілген бұл туындыда отбасын құрып, бала тәрбиелеп, қызметінде табысқа кенелген жандар туралы айтылады. Біздің нәзік жандылар өңіріміздің дамуына сүбелі үлес қосып отыр. Сондықтан да, оқырмандарға теріскейлік іскер әйелдер туралы жазылған жинақ қызық болады деген ойдамын.

“Әйел – бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді” деген халық даналығы бар. Әйел адамның жаратылысында адалдыққа, тазалыққа бейімділік пен табиғи мейірім бар. Ол өз шаңырағының ғана емес, қоғамның да тазалығына, тәртібіне, тәрбиесіне жаны аши біледі, жауапкершілікті сезінеді. Мәселен, кітапқа енген Гүлбахша Мұсабаева М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-де тәлім беріп, көп жылдар бойы ғылымға үлес қосып жүрген жандардың қатарында. Ол жұмыспен қатар, отбасына көп уақыт бөледі. Қазіргі таңда, нәзік жанды 3 баланың анасы.

Гүлбахша Мұсабаева – «Urpaq» қазақ – мәдени ағарту орталығының төрайымы.

-Біздің өңірімізде бүгін ерекше оқиға. Жарыққа Солтүстік қазақстанның мақтанышы және сұлу әйелдері туралы кітап шықты. Расында да қазіргі уақытта әйелдің орны, маңызы тек қана отбасылық мәселелер де ғана емес. Сонымен қатар нарықтық экономика кезеңінде көп әйелдер үлкен бизнеспен айналысуға уақыт табады. Көбісі, саяси-әлеуметтік, қоғамдық жолдарда ат салысуда. Осы кітаптың авторына алғысымды айтқым келеді. Себебі, мен туынды арқылы нағыз байлық – аналық екенін түсіндім.

Жазушы Галина Воробьева, болашақта оқырмандарды қуантып, әлі де бірталай туындыны жарыққа шығаратынын айтады.

 

 

Сагыныш Маркашева.