Спорт

Петропавлда конькимен жүгіру спортынан облыстық чемпионат өтті

Максим Соколовский – жарысқа қатысушы, Ғ.Мүсірепов ауданы.

-Басында жарысқа шыққанда қиындау болады. Қобалжып, қарсыластарыңнан ұтылып қаласың деп қорқасың. Жылдам жүгіргенде аяқтарың ауырады, бірақ бірінші келу қажет деп тоқтамастан жүгіресің.

Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің арасында конькимен жүгіру спортынан облыстық чемпионат жыл сайын дәстүрлі түрде наурыздың басында ұйымдастырылады. Уақыт өткен сайын сайысқа қатысушылардың қатары да өсуде. Бүгін мұз айдынына өз бақтарын сынауға өңіріміздің 72 спортшысы жиналыпты. Олар жас ерекшеліктері бойынша үш топқа бөлінген. Орташа және кіші жастағылар 500 метр қашықтықты бағындыру қажет болса, ересектер 1500 метрде жүгіреді.

Николай Зубарев – Қ.Байболов атындағы облыстық БЖСМ оқытушы-бапкері.

-Конькимен жүгіру жарысы облысымздың балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің арасында өтіп жатыр. Қазіргі таңда конькимен жүгіру спортынан секциялар Аққайың, Ғ.Мүсірепов пен Петропавл қаласында бар. Бүгін өңір аудандарынан келген командалар мықты спортшыны анықтауға жиналып отыр.

Сайыс қорытындысы бойынша үздік үштікті Тайынша ауданының құрамасы тұйықтады. Ал күміс жүлдені Қ.Байболов атындағы облыстық БЖСМ-і еншілесе, Ғ.Мүсірепов ауданының конькишілері алтыннан алқа тағынды. Топ жарып, мықты атанған спортшылар облыс құрамасының сапына ілігеді.

 

 

Риат Шони.