МТРА жаңалықтары

Петропавлда ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

Талғат Наурызбаев – Жамбыл аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы.

-Бүгінгі жәрмеңкеге ауданның 6 округінің кәсіпкерлері қатысып отыр. Ауыл тұрғындары қара малдың, қойдың, шошқаның етін әкеліп отыр. Барлығы 460 келідей. Сүт өнімдері тағы бар. Таңғы сағат сауарларымызды сатып жатырмыз. Жақсы өтіп жатыр.  

Бұл жолғы жәрмеңке «Қазақстанда жасалған» акциясы шеңберінде өтті. Мәселен облыс орталығының тұрғындары мұнда 1 келі сиыр етін -950, ал қой мен шошқанікін 900 теңгеге сатып алды. Жұмыртқа 130 бен 190 теңге аралығында болса, сүттің 1 литрлі – 110 теңгеден саудаланды. Жалпы барлық тауарлардың құны нарықтағыдан 15-20 пайызға төмен.

– Ет алдық. 950 теңгеден. Май, қаймақ алдым. Бағасы дүкендікіден арзан. Халық демалыс күндері алып жатыр. Қалтаға да тиімді. Әркім өздеріне керегін алып жатыр.

– Май алдым, жұмыртқа алдым. Бағалары тиімді. Дүкенен гөрі осы жерден алған жақсы. Себебі өнімдер ауылдікі. Экологиялық таза жерде дайындалған. Жәрмеңке болып тұрғаны жақсы. Таңдау болады.

Жалпы бұл күні мұндай жәрмеңке «Алтын арман», «Дария», «Корона» сауда орындарында да ұйымдастырылды.

 

 

Самат Джакупов.