МТРА жаңалықтары

Нәзік жандарға арналған сәнді-қолданбалы өнер туындыларының көрмесі өтуде

Жібек Жүзенова, СҚО бейнелеу өнері мұражайының қызметкері.

-Анна Герман Петропавл қаласында фюзиньг техникасын алғаш қолданғандардың бірі. Туындыларынан Аннаның ашық мінезі, өмірге көзқарасы жақсы көрінеді.

Кәсіби суретші – Анна Германның жеке арт-студиясы бар. Қылқалам шебері бүгінде
20-ға жуық бала мен сонша ересекті осы өнер түріне баулып жүр. Сәнді-қолданбалы өнер туындыларының көрмесіне Аннаның тәрбиеленушілері салған суреттер де жайғастырылған.

Анна Герман, суретші, “Le Pota” арт-студиясының жетекшісі.

-Көрмеге әуесқой суретшілердің туындылары қойылды. Олар өмірде қарапайым адамдар. Араларында дәрігер, мұғалім, сатушылар және бизнеспен шұғылданатын жандар бар. Олар өздерін басқа қырынан көрсетуге ұмтылады.

Халықаралық әйелдер мерекесіне орай ұйымдастырылған сурет көрмесі ағымдағы айдың соңына дейін жалғасады.

 

 

Берик Касен.