МТРА жаңалықтары

«Оралу» атты жаңа отандық туындының тұсаукесері өтті

Әсемгүл Рамазанова- СҚО жастар саясаты басқармасы басшысының міндетін атқарушы.

-Бұл фильм отанға деген маххабатты көрсетеді.

Фильмнің басты кейіпкері Мақсат есімді жас жігіт. Қазақстанда 20 жыл болмаған ол еліне оралып, атасының қаза болғанын естиді.

Шет елде оқып келген жігітке ауылы мүлдем жат болады. Ал қазақ тілін Мақсат мүлде ұмытқан. Европалықтардың дәстүрі мен тұрмысына еті үйреніп қалған жас ғалымға қазақстандықтардың қылығы қызық боп көрінеді.

Ол атадан қалған ферманы сатып, Европаға оралуды көздейді. Алайда тағдыр оны басқа арнаға бұрады. Бұрмалаңға толы өмір жігітті біраз сынайды. Кезекті отандық туынды солтүстікқазақстандықтардың көңілінен шықты. Олар фильмнің сюжеті жақсы әрі әртістер өз рөлін тамаша сомдап шықты деп отыр. Ал ең бастысы картинаның түпкі ойы әркімді ойландырмақ.

– Бұл фильм патриот болып, қазақ тілін білу керек дейді.

– Фильм жастар үшін үлкен мағынаға толы. Өйткені қай жақта болсаң да сен еліңді мақтан тұтып, оны бағалай білуің керек.

«Оралу» фильмі 19 наурыздан бастап еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетілетін болады.

 

 

Магжан Ахмадина.