МТРА жаңалықтары

Ауылды аймақта жұмыс істеп жүрген жас мамандар студенттермен кездесті

Самат Әлімбаев – Аққайың аудандық ветеринарлық станциясының мал дәрігері.

-Қызмет еткеніме 1 жыл болды. Аяқтаған оқу орным – Ж.Қизатов атындағы Есіл ауыл шаруашылығы колледжін мал дәрігерлік бөлімі бойынша бітірдім. Жұмыс көп. Қазір көктемгі алдын алу шаралары жүріп жатыр – ірі қара малдан бруцеллезге қан алу, туберкуллезге аллергиялық реакциялар өткізу.

“Дипломен ауылға” жобасы елімізде 2009 жылы жұмысын бастаған екен. Содан бері Қазақстан бойынша 30 мыңнан астам маман ауылға тартылған. Ал, теріскей өңірінде аталған бағдарлама аясында барлығы 2 жарым мыңға жуық адам жұмыспен қамтылыпты. Бүгін студенттермен кездесуге келген қонақтардың арасында ұстаз, дәрігер және мал дәрігері бар. Олар болашақ мамандарға мемлекеттің қолдауы мен ауылда жұмыс істеудің жақсы екенін айтты. Өйткені, қазіргі кезде жастардың көбі ауылда емес, қалада қалғылары келетіні жасырын емес.

Абылайхан Қайроллаев – “Жас Отан” ЖҚ “Болашақ” филиалының атқарушы хатшысы.

-Бүгінгі кездесудің басты мақсаты – СҚМУ-дің 3-4 курс студенттерін “Дипломмен ауылға” бағдарламасына қатысуға шақыру және де ауылды көтеру.

Айымгүл Қадырменова осы жоғары оқу орнының 3-ші курсында оқиды. Болашақ мұғалім ауылда еңбек етуге құлшынып отыр.

Айымгүл Қадырменова – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті.

-3-ші курста оқимын. Құдай бұйырса, 1 жылдан кейін бітіргеннен кейін өзімнің де осы “Дипломмен ауылға” бағдарламасымен ауылға баратын жайым бар. Өзім міне, 1 жұма ғана болды педагогикалық тәжірибеден өтіп келдім. Өзімнің аулымда практикада болғаннан кейін бе екен құлшынысым одан сайын артып кетті.

Жиында, сондай-ақ, студенттер өз сұрақтарына жауап алды. Олар ортаға бірінен-соң бірі шығып, жас мамандарға бағдарламаның тиімділігі, ауылда оларға жасалған жағдай туралы сауалдарын жаудырды. Міне, осыған қарап, аталған жобаның жастарды қаншалықты қызықтырғанын шамалауға болады.

 

 

Данаш Хамзина.