МТРА жаңалықтары

Халықаралық әйелдер мерекесімен петропавлдықтарды қала әкімі де құттықтады

Марат Тасмағанбетов- Петропавл қаласының әкімі.

-Қазіргі кезде қоғамның барлық саласында да әйелдердің алатын орны артып келеді. Өйткені, әйел жүрген жерде жылу мен жақсылық, имандылық бар. Сіздіердің бойларыңызда ақыл мен парасат, сұлулық пен шыдамдық сияқты қасиеттер әрқашан бірге жүреді. Қайрат пен іскерліктің арқасында сіздер еліміздегі және қаламыздағы жұмыстарды ер-азаматтармен қатар атқарып келесіздер. Туған Отанымыздың әрбір шаңығарағы берік болып, еліміздегі бірлік пен берекені сақтауда, мемлекетіміздің болашақ азаматтарын тәрбиелеудегі сіздердің қосқан үлестеріңіз мол.

Бұл күні қала және өңірдің дамуына үлес қосқан азаматшалар шаһар басшысының алғыс хаттарына ие болды.

Роза Жолаушинова- Петропавл қаласы прокурорының көмекшісі.

-Бұл салада жүргеніме 8 жыл болды. Жұмысым өзіме ұнайды. Бала кезімнен шен тағып жүруді армандадым. Әйел азаматтардың қолынан барлығы да келеді. Қазір түрлі салада жүрген азаматшаларды көруге болды. Сондықтан бүгінгі жарқын мерекемен барлық нәзік жандыларды құттықтаймын.

Кейін жиналғандар назарына концерт ұйымдастырылды.

Бүгіндері облыс орталығында 941 көпбалалы ана, 475 «Алтын және күміс» алқа иегерлері мен 54 батыр ана тұрмыс кешеді. Бұдан бөлек Петропавлда 17 ҰОС ардагері мен 5 мыңнан астам тыл еңбеккері бар.

 

 

 

Магжан Ахмадина.