Билік

Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында облыс әкімі соғысқа қатысқан нәзік жандыларды құттықтады

Валентина Устименко- ҰОС ардагері.

-Алғашында мен госпитальде істегенмін. Кейін 597 атқыштар полкі медициналық қызметсіз қалды деді. Содан бізді сол жерге жіберді. Талай жаралы жауынгерлерді көрдік. Кейбірі тіпті, жарасына қарамай, тағы атыс- шабыстың ортасына кететін. Әрине өте қиын кезеңдерді бастан өткердік.

Сол жерде жүріп Валентина Петровна жұбайымен танысып, кейін отау құрыпты. Ардагердің хал- жағдайымен танысуға келген Ерік Сұлтанов қарияны келе жатқан мерекемен құттықтап, сыйлық табыс етті.

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі.

-Сізді халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын. Деніңізге саулық, амандық тілмеймін. Сіздің жасаған ерлігіңіз ұрпаққа үлгі.

Ардагер сол уақытта көрсеткен ерлігі үшін 2-ші дәрежелі Отан соғысының ордені және «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған. Мереке қарсаңында осындай қошеметке тағы бір петропавлдық ҰОС ардагері- Анастасия Потапова да бөленді.

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі.

-Сізді осынау көктемнің алғышқы мерекесі халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын. Биыл міне Ұлы Жеңіске 70 жыл толады. Үлкен мерейтой оны бірге, жақсылап қарсы аламыз. Сондықтан сізге денсаулық, ұзақ ғұмыр тілмеймін.

94 жасқа келген қария сұрапыл жылдар жайлы көп әңгімелегенді жақтырмайды. Сондықтан бейбіт күннің қадірін жастар бағаласа екен дейді.

Анастасия Потапова- ҰОС ардагері.

-Жастар осы егемендікті бағаласа екен деймін. Өйткені бұл еркіндік бізге оңай жолмен келген жоқ. Сондықтан ел дамуына үлес қосып, Қазақстанды одан әрі көркейтуге үлес қосса игі болар еді.

Қарт майдангер жалғыз қыздан 1 немере, 1 шөбере және сонша немене сүйіп отыр.

 

 

Магжан Ахмадина.