МТРА жаңалықтары

Шалғайдағы ауылда спорт кешені ашылды

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

-Құрметті жерлестер. Көктемнің ең бірінше мерекесі -халықаралық әйелдер күні. Сондықтан осындағы асыл аналарды, қарындастарды шын жүректен құттықтаймын. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев біздің алдымызға бұқаралық спортты дамыту міндетін қойған болатын. Облыста осы бағытта көп жұмыс атқарылып жатыр. Бірқатар жаңа спорт алаңдары ашылды. Сіздердің ауылдарыңызда да спорт кешені ашылып жатыр. Құтты болсын. Жастарымыз жақсы жетістіктерге жетеді деп сенемін.

Бұдан соң өңір жетекшісі Ерік Сұлтанов пен ауыл тұрғыны әрі еңбек ардагері Айбас Омаров салтанатты түрде нысанның таспасын қиды. Кешенге облыс әкімінің атынан волейбол доптары мен тренажер сыйға тартылды. Мұнда баскетбол, волейбол және шағын футбол сынды спорттың бірнеше түрімен шұғылдануға болады. Мұнымен қоса дойбы, тоғызқұмалақпен айналысамын дегендерге есік ашық.
Ал палуандарға арналып ғимараттың 2-ші қабатынан орын бөлінген.

Әділхан Қажыбаев- дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.

-Көп балалар спортпен шұғылданып, дайындалып жатыр. Спортзалымыз өте жақсы. Жарқын ауылының оқушыларымен жігіттері ғана емес, сонымен қатар көрші ауылдардан да қонақтар келіп айналысуда.

Оқушылардың да қуаныштарында шек жоқ. Себебі осыған дейін мектептің спортзалы спортпен шұғылданамын дегендерге таршылық етіп келген.

Әлібек Қайыржанов – Жарқын орта мектебінің оқушысы, Тимирязев ауданы.

-Ауылда осындай нысан ашылуына қуаныштымын. Бұрын спортзалымыз шағын болғандықтан, дұрыс спортпен айналыса алмадық. Енді кең спортзалдың арқасында талай жетістікке жетеміз деген ойдамын.

Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы өткен жылы күзде айларында басталған болатын. Нысан демеушілердің қаржатына тұрғызылды. Жоба құны 57 млн теңге. Мердігер компания «Севимсталькон» ЖШС-гі.

Сұлтанбек Газдиев- «Севимсталькон» ЖШС директоры.

-Біз нысан құрылысын былтыр қазан айында бастадық. Құрылыста ағаш қаңқалар мен ірі панельдерді қолдандық. Айта кеткен жөн, барлық материалдар Петропавлдағы тез тұрғызылатын құрылғылар зауытында жасалды. Сондықтан қаражат жағынан да үнемді болды.

Осылайша ауылды жерде салауатты өмір салтын ұстануға барынша жағдай жасалуда. Болашақта кешенде Жарқын ауылы маңындағы 3- елді-мекенннің жастары бұқаралық спортпен айналысатын болады.

Серікпай Байғожин- Жарқын ауылының тұрғыны, Тимирязев ауданы.

 

-Ауылдар көтеріліп жатыр. Оған балалармен үлкендере қуанышты. Елбасымызға, Үкіметімізге рахмет. Облыс әкімімен бір кездесіп қалғанда, ауылға осындай бір нысан керек деп айтып қалып едік. Аз уақыттың ішінде міне ғимарт бой түзеді.

Облыс орталығынан шалғайда жатқан Жарқын ауылында бүгінгі күні 500-ден астам үй түтін түтетіп отыр. Ал елді-мекендегі мектепте 100-ге тарта оқушы білім алуда.