Спорт

Шайбалыс хоккейден СҚО әкімінің жүлдесі үшін чемпионат аяқталды

Үшінші периодта есілдіктер шабуылдарын үдетіп, алға шықты. Көп ұзамай хоккейшілер есепті 3-1 жеткізіп, қола жүлдеге ие болды. Жарыстың салтанатты жабылу рәсімінде СҚО әкімінің орынбасары Владимир Бубенко сайысқа қатысқан спортшыларға алғысын білдіріп, алдағы жарыстарда сәттілік тіледі.

Владимир Бубенко – СҚО әкімінің орынбасары.

-Бүгін бірнеше айға жалғасқан облыстық сайыс өз мәресіне жетті. Бұл жарысқа қатысып, өз бақтарын сынаған барлық спортшыларға алғысымды білдіремін. Және де жеңімпаз команданы шын жүректен құттықтаймын. Барлығыңызға жеңіс пен сәттілік тілеймін.

Шайбалы хоккейден СҚО әкімінің жүлдесі үшін өткен чемпионаттың қорытындысы бойынша үздік үштікті Есіл ауданы тұйықтады. Күміс жүлдемен 100 мың теңгенің сертификатын қызылжарлықтар еншілесе, бұл сайыстың жеңімпазы Петропавл қаласы. Алтын медаль иегерлері 150 мың теңгені қанжығаларына байлады.

 

 

Риат Шони.