МТРА жаңалықтары

“Еңбек адамының” кәсіби шеберлігін арттыру

Ольга Букина, Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары.

-Петропавл қаласында еңбек адамының кәсібилік мәселесі өз бетінше жұмыспен айналысушылар мен жұмыссыздар үшін кәсіптік қайта оқу, біліктіліті арттыру, кәсіпорындар мен ұйымдарда алғаш еңбек тәжірибесін алуды ұйымдастыру жолымен шешіледі.

Сонымен қатар, қайта даярлау курстанынан өткен азаматтарды жұмысқа орналастыру мәселесін шешуде қиындықтар бар.

Ольга Букина, Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары.

-Көп жағдайда жаңа мамандықты меңгерген адам алған мамандығы бойынша жұмыс жасауға ынтасы болмайды немесе еңбек өтілінің аз болуынан оны кәсіпорындар жұмысқа қабылдаудан бас тартады. Қалыптасқан мәселелерді шешудің бір-ақ жолы бар ол жұмыссыздың мамандығын сол кәсіпорында игеруі. Еңбек тәжірибесі жоқ қызметкерге кәсіптік шеберлік алу жолдарының бірі тәлімгерлік болып табылады.

Кәсіпорында еңбек өтілі мол қызметкерлер тәлімгер ретінде алынады. Мысалы, өткен жылы “Көп бейінді қондырғылар зауыты” ЖШС-де, Петропавл ауыр машина жасау зауытында және “ЗИКСТО” АҚ-да барлығы 36 адам машықтану тәжірибесінен өтіпті.

 

 

Берик Касен.