Құқық қорғау органдары

Петропавлда “Полиция аруы – 2015” байқауы өтті

Полиция капитаны Венера Тайжанованың құқық қорғау саласында қызмет етіп жүргеніне 10 жылдан асқан. Қазірде ол облыстық ішкі істер департаментінің әкімшілік полиция басқармасында еңбек етеді.

Венера Тайжанова – СҚО ІІД ӘПБ аға инспекторы.

-Бұл сайысқа бір апта бойы дайындалдық. Сайыс оңай емес. 7 сайыскер қатысуда. Олардың барлығы талантты қыздар. Жеңіске жету үшін барымды салып жатырмын.

“Полиция аруы” байқауы департамент бастығы Берік Біләловтың бастамасымен биыл алғаш рет өткізілуде. Пагон таққан арулар 5 кезеңнің сындарынан өтулері тиіс.

Руслан Сеңкебаев – қазылар алқасының төрағасы, М.Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театрының әртісі.

-Біздің батыр қыздарымыз көп болған. Әлияміз бар, Мәншүгіміз бар. Қыздарымызды осылай құрметтеп, басқарманың бастығы осылайша құрмет көрсетіп отыр.

Сондай-ақ, осы күні ведомство қызметкерлерінің бірқатарына жаңа шендер тағайындалды. Оған қоса қызмет бабында еңбегімен ерекшеленген нәзікжанды полицейлерге ҚР ІІМ төлбелгісі, алғыс хаты мен мақтау қағаздары табыс етілді. Мерекелік кеш жергілікті өнер ұжымдары әзірлеген концертке ұласты.

 

 

Бакыт Садуакасов.