Аптадағы маңызды жаңалықтар

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов аруларды халықаралық әйелдер күнімен құттықтады

Бақытжан Сәмиева – СҚО іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы.

-Бұл сымбатты, ақылды, армандары көп әйелдердің көрмесі. 40 дамның суреті қойылды. Келер жылы оның санын 80-ге жеткізіміз деп. Барша азаматшаларды мерекелерімен құттықтаймын.

Ұйымдастырылған шараға өңірдің түкпір-түкпірінен ақ жаулықты әжелер, қымбатты аналар, сымбатты қыз-келіншектер және аяулы қарындастар жиналды. Бұл жандардың барлығы өңірідің әлеуметтік – экономикалық дамуына сүбелі үслес қосып жүрген азаматшалар. Оларды көктемнің алғашқы әрі шуақты мерекесімен облыс әкімі Ерік Сұлтанов құттықтады.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

-Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: “Тәуелсіз еліміздің керегесін нығайтып, шаңырағын биікке көтеруші- аналар” деген болатын. Бүгінгі күні мемлекетіміз отбысының, ана мен баланың жағдайын жақсарту джолында бар мүмкіндікті жасауда. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсарған сайын, бұл қамқорлықтың саны мен сапасы өсуде. Сіздерді мерекемен құттықтай отырып, отбасыларыңызға татулық пен игілік, бақыт, ұзақ ғұмыр тілеймін.

Салтанатты жиын барысында Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығына сәйкес, халық санының өсуіне, болашақ ұрпақтың көбеюіне үлесін қосып жүрген үш көпбалалы анаға облыс әкімі Ерік Сұлтанов «Күміс алқа» табыс етті. Мұндай марапатқа ие болғандардың бірі, – Дина Аримхан. Айыртау ауданынан келген 41 жасар азаматша бүгін алты бала тәрбиелеп отыр.

Дина Аримхан – «Күміс алқа» иегері, Айыртау ауданы.

-Мақсатым болашақ жас ұрпаққа білім беріп, тәрбиеліп, өзімнің балаларымды оқытып еліме қалаулы азамат қылып жеткізу. Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында “Күміс алқа” алып отырғаныма қуаныштымын. Әуелі Елбасына және облыс басшылығына алғысымды білдіремін.

Бұдан соң түрлі салада еңбек етіп жүрген 22 азаматша облыс әкімінің құрмет грамотасына және 14- бұрымды аймақ жетекшісінің алғыс хатына ие болды.

Гүлмира Жәкенқызы – Уәлиханов ауданы әкімінің орынбасары.

-Әйелдер мерекесінде облыс әкімінің құрмет грамотасына ие болып отырмын. Бұл менің жұмысымның бағаланғаны деп білемін. Барлық қыз-келіншектерді, әріптестерді құттықтаймын. Жақсылық, бейбітшілік ғана болсын.

Қазіргі таңда Солтүстік Қазақстан облысында 22 мыңнан астам шағын және орта бизнес өкілдері болса, оның үштен бірін әйелдер қауымы құрап отыр. Мұнымен қоса, аруларымыздың көбі ерлермен қатар, қызмет атқарады. Айта кеткен жөн, жалпы бүгінгі күні 8 -наурыз мерекесі әлімнің 80-нен астам мемлекетінде тойланады. Шаңырақтың шаттығымен, берекесіне айналған жандарға қандай сый-құрмет көрсетсек те артық етпейді.

Мұхит Ахметов – Облыстық филармонияның әншісі.

-Аяулы аналарымызды, қыздарымызды келіп жеткен көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтаймын. Олар біздер үшін әр уақыт махабатымен жылуын сеуіп жүреді. Тілеріміз дендері сау болсын. Алға қойған мақсаттарына еш сүрінбей жете берсін.

Тимур Исманов – «Жастар кадрлық орталығы» ҚБ директоры.

-Барлық қыз-келіншектерді шын жүректен көктем айының шуақты мерекесімен құттықтаймын. Бұл жандар біздің өміріміздің мәні, мағынасы. Сондықтан аруларымызға тек қана жақсылық тілеймін.

Салтнатты кеш облысымыздың көркемөнерпаздары әзірлеген концерттік бағдарламаға ұласты.

 

 

Самат Джакупов.