Құқық қорғау органдары

Алаяқтардан сақ болыңыз

Әрине, осындай сөзді естіген әр ата-ана – қоңырау соққандардың өтініш-тілегін бұлжытпай орындауға барады. Алайда, талаптары қанағаттандырылғандықтан, пысықайлар мұнымен шектеліп қалмай, азаматшадан тағы 70 мың теңге талап еткен. Жапа шегуші болса, алаяқтарға сұрағанындай есмес, тіпті 80 мың теңге ақшаны алаяқтардың есебіне аударып жіберіпті. Сол себептен полицейлер “жеті рет өлшеп, бір рет кес” деген қағиданы ұстануды сұрайды.

Виталий Механошин – Петропавл қаласының ІІБ криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі.

 

-Қазіргі таңда Петропавл қаласының аумағында телефон арқылы тұрғындарды алдап-арбайтын фактілер жиілеп кетті. Көп жағдайда пысықайлар өздерін тәртіп сақшысы ретінде таныстыратын көрінеді. Сондықтан біз жерлестерімізге аса сақ болуларын сұраймыз.

Полицейлер алаяқтарға қойылған түрлі сауалдар оларды тығырыққа әкеліп соқтыратынын айтады. Оған қоса “сіз ұтысқа ие болдыңыз” деген сөздерге де еріп кетпей, мән-жайды толық біліп алған жөн.


Бақыт Сәдуақасов – облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің көмегімен әзірленді.