Спорт

Жерлес гір көтеруші Елена Костенко ел мерейін асқататып жүрген нәзікжанды

Елена Костенко – гір көтеруден халықаралық дәрежедегі спорт шебері

– Мен бірінші рет 2008 жылы Астана қаласында гір көтеруден өткен чемпионатқа қатысқан болатынмын. Сол жолғы спортшылардың тәжірибелері менен қарағанда жоғары еді. Әйткенмен де намысқа тырысып, жеңісті уысымнан шығарып алмауға барымды салдым. Спорттағы алғашқы жеңісім, әлі есімде.

32 жастағы Елена спорттағы толағай табыстарымен тоқтап қалмақ емес. Алға қойған жоспарлары ауқымды.

Елена Костенко – гір көтеруден халықаралық дәрежедегі спорт шебері

– Соңғы өткен әлемдік чемпионат көрсеткіші бойынша, мен әзірге екінші орында келемін. Ол жолы 58 келіге дейінгі салмақта 24 келі гір тасын 106 рет көтердім. Ал көш басында ресейлік спортшы келеді. Ендігі мақсатым сол көрсеткішті өзгертіп, бірінші орынға тұрақтау.

Теріскейлік спортшымен сұхбаттасу барысында біз оны жаңа қырынан таныдық. Бұрымды сөлкебай жинауды да жанына серік еткен. Бүгінде түрлі топтамасында бірнеше монеталар бар. Спортшы қыздың бапкері де шәкіртінің талабына тәнті. Андрей Глывяк Еленаны алдына мақсат қойса, соған жететін еңбекқор қыз, – деп отыр.

Андрей Глывяк – гір көтеруден ҚР спорт шебері

– Қай сала болмасын, барлығы еңбектің арқасында келеді. Елена алдына мақсат қойса, соған жетпей қоймайды. Өте қарапайым адам.

Бұрымды үстіміздегі жылдың жаз айында гір көтеруден өтетін ел чемпионатына дайындалуда. Спортты жанына серік еткен Еленаның алдағы жарыстарына сәттілік тілейміз.

 

 

Бакыт Садуакасов.