МТРА жаңалықтары

СҚО-да үздік салық төлеушілер марапатқа ие болды

Данияр Жаналинов – СҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы

– Конкурс барысында біз салық төлеушілерді халыққы әлеуметтік жағынан қалай көмектесіп жатқанын ескердік. Олардың қандай пайда келтіріп жатқанын қарадық.

СҚО-ның үздік салық төлеушілерінің қатарынан Ақжарлық кәсіпкер Балзейнеп Шарипова табылып отыр. Майское селосының тұрғыны 2003 жылы дүкен ашып, селолықтарға қолжетімді бағамен азық-түлік сатады. Мемлекетке тиесілі төлемдерін де үнемі мерзімімен аударатын көрінеді.

Балзейнеп Шарипова – жеке кәсіпкер

– Қошеметке бөлегені үшін СҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне шексіз алғысымды айтамын. Бұдан кейін жұмысымызды жақсы атқаратын боламыз.

Сонымен қатар кездесуде сыртқы экономика саласының үздік қатысушысы номинациясының жеңімпазы да қошеметке бөленді.

 

Риат Шони.