Аптадағы маңызды жаңалықтар

“Қазақстанда жасалған” акциясының орындалуы

Адай Қапезов – “Көктөбе” сауда үйінің директоры

– Біздің тұтынушылар, көбінесе, отандық тауарды іздейді. Біздің сауда үйімізде, көбіне, сол – отандық тауарлар. Ет және шұжық өнімдері, сүт, макарон өнімдері, ұн. Соның бәрі өзіміздің елімізде жасалған ғой.

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов дүкеннің ішін түгел қарап шықты. Қазақстандық қандай өнім бар, қайсысы қайда орналасқан. Кондитерлік өнімдер дәл көрінетін жерде орналасқан екен. Ал, шұжық өнімдеріне қатысты “Қазақстанда жасалған” деген жазуды үлкейтіп ілетін деді.

– Вот это нужно повесит сюда. Крупными. Вот это мелко. Не видно.

Мұнда өзге отандық өнімдермен қатар, балық өңдеумен айналысатын “Белова” ЖК-нің тауары да қойылған.
Ульянова көшесіндегі “№1 Нан плюс” заңғар дүкенінде Мамлют ауданындағы “Арқалық” ШҚ-ның қымызын, “Максимальный размах” компаниясының тауарын кездестіруге болады. Ал, түрлі нан өнімдері – “Петропавл нан-тоқаш комбинатыныкі”.
“ЦУМ” дүкенінде “Таткрафт-инвест” ЖШС-нің директоры Андрей Исаков өңір жетекшісіне сауда орнындағы жағдайды кіре берістен-ақ таныстыра бастады. Дүкеннің төрінде азық-түлік болса, бергі шеті – ыдыс-аяқ. Осы жерде облыс әкімі жергілікті кәсіпорынның тауарын қоюға болатынын айтты.

– “Радуга” сейчас сама же делает, да? Уже более 100 наименовании пластмассовых изделий делает. Проходимый магазин, можно сюда тоже выставить”.

Мұнда отандық тауар деген самсап тұр. Бәсеке болғаннан кейін, сапасы да ойдағыдай. Таңдап жүріп алуға болады. Сүт те жергілікті кәсіпкерлердікі.

– Все наши. Да, “Молпродукт”, “Зенченко”, “Молсоюз”.

Кәсіпорын басшысы дүкендегі дүниелердің біразын өздерінде жасалатынын айтты. Мәселен, нан, тәтті-тағам, салаттар дегендей. Ғимараттың астында өндіріс цехтары бар. Жаңа піскен өнім жедел жеткізіліп тұратындықтан, мұндағы тауар тұралап қалмайды деді.
Мұнда тұрғындарға сапалы өнімімен танылған “Vizavy Company” ЖШС-нің де тәтті-дәмділері сатылады. Белгілі бір себептерге байланысты олардың Ресейге экспорты төмендеген екен. Өңір жетекшісі компания өкілдеріне тауарға деген сұранысты еселей түсетін бір ұсынысын білдірді.

Оксана Гладких – “Vizavy Company” ЖШС менеджері

– Мы сейчас работаем над качеством. -Молодцы. Все же хорошая продукция. Но, есть предложение. Действительно, на продвижение имиджа. Сделать надо хорошую упаковку. -Мы над этим работаем. -Дизайнеров нанимать. -Просто такая продукция, можно было бы ее дарить в подарок как продукт Северного Казахстана.

Дүкенде жүрген тұрғындар шетелдікіне қарағанда өзіміздікін аламыз дейді. Баға қолжетімді әрі сапасы жақсы.

Зейнеп Баяхметова

– Біз қазір ұлттық, қазақстандық тауарларды алып жатырмыз. Қызылорданың күрішін алдым. Қазақстаннда жасалған шай алдым. Сапасы жақсы.

Наталья Лопаткова

– Біз өзіміздің тауар өндірушілерді қолдауымыз қажет. Әрине, бірінші кезекте, тек солардың өнімдерін аламын. Мысалға, маған Көкшетаудан әкелінген кілегей, қаймақ ұнайды.

 

Данаш Хамзина.