Қоғам

Петропавлдық көп балалы қарт ана 3-ші ұрпағын көріп отыр

Күлзия Қазыбаева

– Совет колхозында малшаруашылығы бойынша еңбек істеп, 2-ші дәрежелі құжат алдым. Сол дәрежеммен және 6 баланың арқасында 50 жасымда зейнетке шықтым, Оған да 25-26 жыл болып қалды. Алланың берген денсаулығының арқасында еңбек етіп, бүгінгі күнге жетіп отырмын.

Немере-шөберелерінің қызығына батқан ана, балалар есейгесін арман-тілегі өзгеріп алыстай береді, кішкентайларын жақсы көремін олардың тілдері тәтті дейді.

Жыл сайынғы құрбан айт, туылған күн сынды мерекелерде мына бөлме қарт ананың бала-шағасына толады. Биылғы 77 жасқа толған туған күнімен құттықтай келген немересі Ақбота әжесінің тәрбиесін алып өскен.

Акбота Сұлтанбаева – немересі

– Әжеммен болған қызық оқиғаларым өте көп. Ауылда пешке үлкен қазанды қойып, қып-қызыл бауырсақтарын пісіретін. Оған күллі көрші маңай мен біз сияқты ұсақ түйек балалар жиналып мәз мейрам болып жейтінбіз. Сол кездерді сағынамын, әжем пісіретін бауырсақтың дәмі де ерекше, әлі күнге дейін иісі мұрынымнан кетпейді.

Балаларының үлкені зейнет жасына шықса, кішісі 40-тан асқан. 3 ұл, 3 қыз өсірген ана күйеубаласы мен келіндерін де туған перзентіндей көреді. Оларға деген аналық мейірімін төгіп, өз тәрбиесін бере білген.

Гүлшарат Қазыбаева- келіні

– Бұл отбасына келгенде ол кісі менің алдымнан шығып табалдырықты оң аяғыңмен атта деді. Сол күннен бастап маған ана орнына ана бала білді. Алғаш келгенімде мен тіпті тамақ әзірлей алмайтынмын. Маған үй шаруасымен айналысуды, тамақ әзірлеуді үйретті.

Нәзік жандыны туған күнімен қатар келетін халықаралық әйелдер күнімен құттықтайтын тек өз бала-шағасы ғана. Күлзия Қазыбаева бүгінде 6 баладан 16 немере, 4 шөбере сүйіп отыр. Қарт ананы айтулы күндері шенділердің тарапынан елеусіз қалатыны қынжылтады.

Ақбөпе Тәңірберген.