МТРА жаңалықтары

Петропавлда “Шын жүректен рахмет” құттықтау шарасы өтті

Бақытжан Самиева- «Іскер әйелдер қауымдастығы» ҚҰ төрайымы, облыстық мәслихаттың депутаты;

– Бүгінгі шара әйелдер мейрамы қарсаңында ұйымдастырылып отыр. Іскер әйелдер қоғамы мереке күнінде үлкен кісілерді шақырып, арнайы рахметімізді айтқымыз келді. Себебі бұл азаматшалар елімізге жұмыс істеген қамқорлық істеген жандар.

Мерекелік кешке арнайы шақырылған қонақтардың бірі – Орынбасар Жұмағұлова Тайынша ауданынан келіпті. Еңбек ардагері, әрі «алтын алқа» иегері өз құрсағымен көтерген 10 баласынан бөлек, қайтыс болған қайын інісінің 3 баласын өсіріпті.

Орынбасар Жұмағұлова-еңбек ардагері, “Алтын алқа” иегері

–  Бүгін бізді әйелдер күніне қарсы еңбек ардагері ретінде жинап жатыр. Мен өзім 10 баланың анасымын. Оған қоса 3 баланы тәрбиеледім. Сондықтан тілейтінім балалардың денсаулығы, ашық аспан. Қашан да балалар көп болсын.

Мерекелік құттықтау шарасына 40-қа жуық нәзік жанды жиналды. Оның барлығы дерлік еңбек ардагерлері мен көпбалалы аналар. Шара соңында кешке қатысушыларға гүл мен алғыс хат табыс етілді. Мерекенің иелері көтеріңкі көңілмен тарқасты.

 

Ақбөпе Тәңірберген.