Білім

Өткенімізді білу біздің басты міндетіміз

Анатолий Башмаков – Қазақстан халқы ассамблеясы төрғасының орынбасары.

– Бүгінгі конференцияның мағынасы жоғары. Биыл елімізде төрт бірдей айтулы мереке аталып өтілмек. Оның барлығы тарих беттеріне алтын әріптермен жазылды. Енді тек осыны өсіп келе жатқан балаларымызға мұра қылып қалдырумыз қажет. Бұл жолда ұстаздар қауымына жүктелер міндет зор.

Болашақта оқушылардың мектеп бағдарламасына Қазақ хандығының 550, Ұлы Жеңістің 70, Конституциямен Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығына арналған бағдарламалар енгізілмек. Аталмыш оқиғалардың қайдан әрі қалай бастау алғанын жастар тарих пәні сабағында танысатын болады. Атап айтсақ осыған байланысты алдағы уақытта жаңа оқулықтар әзірленбекші. Бұл ретте Мағжан Жұмабаев атындағы педагогикалық гуманитарлық колледж жанындағы мектеп-лицейінің мұғілімі Асхат Ахманов мәні мен мағынасы жоғары тақырыптарды бастауыш сыныптан оқыту керек деген ойын білдірді.

Асхат Ахманов – М.Жұмабаев атындағы педагогикалық гуманитарлық колледж жанындағы мектеп-лицейдің мұғалімі.
– Бұл тақырыптарды мектеп курсы бойынша 5-11 сынып аралығында оқытылуы керек. Бірақ оқушыларға тарихи білімді қалыптастыру, бұл бастауыш сыныптан бастап енгізілу керек деген ойдамын. Бұл жеке менің ұсынысым. Себебі бастауыш сыныптан бастап оқушылар тарихқа жақын, дүниетану, ана тілі сынды пәндерді оқиды. Сондықтан осы білімді бастауыш сыныптан қалыптастыру керек деген ойдамын.

Педагогтар осылайша болашақта саналы ұрпақ тәрбиелеуді көздеп отыр. Бұл жастардың патриоттық сезімдерін оятуға әсер ететін болады дейді, -ұстаздар қауымы.

Елена Коноплева -№1 қалалық жалпы білім беретін лицейді директоры, облдыстық мәслихат депутаты.

 

– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік туралы айтқан сөзінде Қазақтан халқының бүгінге дейін жеткен жетістіктерін баян етті. 23 жылдың ішінде елімізде көптеген өзгерістер орын алды. Бұл жас ұрпақ үшін тарих. Сондықтан біз алдағы уақытта кейінгі толқынмен бірлесіп ертеңгі болашақты құрамыз. Бұл ретте оқушыларды патриоттық сарында тәрбиелеуіміз керек. Сонда ғана болашағымыз баянды болады дегім келеді.

Айта кету керек конференцияны облыстың білім басқармасымен «Өрлеу» біліктілікті арттыру институты бірлесіп ұйымдастырды.

Джакупов Самат.