Спорт

Мүегедектер арасында шаңғы спортынан жарыс басталды

Василий Дедов – жарысқа қатысушы, Ақмола облысы

– Бізде жарыста жеңімпаз жоқ. Барлығымыз шаңғыға тұрдық. Демек барлығымыз да мықтымыз. Медальдарға қол жеткізіп жатсақ, олда бір жетістік. Сол себіпті де барлығына сәттілік тілеймін.

Жалпы шаңғы жарысынан Қазақстан Республикасының чемпионаты теріскейде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Оған тірек-қимыл жүйесі зақымданған және нашар көретін спортшылар қатысуда. Барлығы 9 облыс пен Алматы қаласынан келген 50-ге жуық спортшы екі күн бойы мықтыны анықтауға жиналды.

Рауан Қайырбеков – мүгедектер спортынан мемлекеттік жаттықтырушы

– Бұл сайыста қатысушылар әрбір топқа бөлінді. Олар 3 шақырым қашықтықты бағындырулары қажет.

Сайыс қорытындысы бойынша барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, кубок және де медальдармен марапатталады.

 

Риат Шони.