МТРА жаңалықтары

Биыл жерлестеріміз халықаралық “Еске алу вахтасына” қатысады

Владимир Юрченко, Петропавл қалалық білім бөлімі директорының орынбасары

– Жалпы ТМД елдеріндегі қайырымды жастардың басын қосқан экспедиция барысында 702 жауынгердің сүйегі табылды. 22-сінің медальоны бар. Олардың үшеуі Қазақстандық болып шықты. Мих Усентаев пен Иратулла Хамидуллин Қызылорда өңірінің тумалары. Және ақмолалық Айшамбек Асыловтың денесі табылған. Отан үшін отқа түскен қайсар жандардың мәйіттері Ресейдің бауырластар зиратына құрметпен жерленд.

Сондай-ақ, әскери-патриоттық клубта бүгінде 30-ға жуық тәрбиеленуші алғашқы әскери дайындықтан өтуде. Сәуірдің 19-ы осы клубтың 10 мүшесінен жасақталған “Іздеушілер” тобы Ресейдің Новгород облысына барып, ҰОС-сы жауынгерлерінің сүйегін іздестіру жұмыстарын жалғастырмақ.

Екатерина Гашенева, “Саланг” әскери-патриоттық клубының мүшесі

– Халықаралық еске алу вахтасына бірінші рет барайын деп жатырмын. Қанды қырғынның аяқталғанына 70 жыл толса да көптеген соғыс жәдігерлері табылады деген ойдамын.

Биыл халықаралық “Еске алу вахтасына” Германия мен Украина елінің өкілдері де қатысатын болды. Жалпы Ресейдің Новгород облысына іс-түссіз жоғалған сарбаздардың денесін іздеуге 2000-нан астам адам ат салысады деп күтілуде.

Берик Касен.