МТРА жаңалықтары

Технодом сауда үйі тұрмыстық техникалар бағасын арзандатты

Борис Семикопенко – “TECHNODOM” дүкенінің менеджері

– Рубльдің құлдырауына байланысты Ресейде тауарлар арзандады. Бұл ретте технодом сауда үйі де өзінің клиенттерін сақтап қалу мақсатында бағаларды түсірді. Қазір сөрелердегі өнімдер ресейлік дүкендердікімен бірдей, олардан арзандары да бар. Бізде кейбір тауарлар саудаланғанда пайда әкелмейді, шығынға ұшырататындары да бар. Бұл қадамды біз клиенттеріміз үшін жасап жатырмыз.

Технодом сауда үйі өзінің клиенттері үшін әрдайым жеңілдіктер мен түрлі акциялар өткізіп тұрады. Қазірдің өзінде дүкенде бір өнімді алғаннан кейін екінші тауарды сатып алуға 50 пайыз жеңілдік акциясы жүріп жатыр.

–  2-ші наурыз технодом дүкенінде купон құмарту акциясы бастау алған. Оның тиімділігі 5000 теңгеден асатын тауарды сатып алсаңыз сізге бір мыңның купонын қайтарып береді. Ал оны басқа тауарды сатып алу үшін жұмсауға болады. Клиенттер үшін жасалған бұл шара сәуірдің ортасына дейін жалғасын таппақ.

Әмина Жателина технодом сауда үйінің тұрақты клиенті. Көктем мезгілінде жеңілдіктер жүріп жатқанын естіген нәзік жанды, бүгін тоңазытқыш сатып алыпты. Оның айтуынша бұл дүкендегі барлық тауарлар сапалы, әрі арзан.

Әмина Жателина

– Бүгін мен технодом сауда үйінен тоңазытқыш сатып алдым. Өте қуаныштымын. Кеңесші сатушы өз кеңестерін беріп, таңдауға көмектестім. Мен бұған дейін де түрлі тұрмыстық техникаларды осы дүкеннен сатып алғанмын. Сапалары өте жақсы. Бағалары да қалта қақпайды.

Бүгінде технодом сауда үйінде 60 қызметкер таңғы оннан кешкі тоғызға дейін еңбек етеді. Олардың ішінде 21-і кеңесші сатушылар. Солардың бірі Әлібек Мейрамов. Жерлесеміз 2013-ші жылдың мамыр айында санды техникалар бөліміне жұмысқа тұрыпты. Бүгінде ол дүкенде сәтті еңбек етіп, жақында үздік сатушы атаныпты.

Әлібек Мейрамов – “TECHNODOM” дүкенінің кеңесші сатушысы

– Бізге келген әр клиентке біз ықыласпен қараймыз. Бұл дүкен сапалы тауарларымен ғана емес жеңілдіктерімен де халыққа танымал. Сандық техникаларға да әрдайым түрлі акциялар жүріп тұрады. Әсіресе ұялы телефондарға көп көңіл бөлінеді. Менің бөлімімде 13 мыңнан 100 мың теңге аралығында кез-келген смартфонды сатып алуға болады.

Технодом сауда үйінде апта сайын тиімді ұсыныстар, сыйлықтар мен жеңілдіктерді жариялайтын газеттері шығып тұрады екен.

 

 

Риат Шони.