Спорт

Петропавлдағы 66/37 әскери бөлімінде әскери-қолданбалы спорт түрінен жарыс өтуде

Мадияр Жомартұлы – ҚР ҰҰ 66/36 әскери бөлімінің сарбазы

– Жарыста үш спорт түрінен сынға түсеміз. Ату және турникке тартылу және шаңғы жарысынан. Дайындығымыз өте жақсы деп айта аламын “/01-00/ “Біздің 66/36 әскери бөлімінде спорт жағына аса көңіл аударылған. Және осы біздің алдымызда самбодан әскери бөлімдері арасында Қазақстан чемпионаты өтті. Сонда біздің солдат екінші орын алып келді.

Аталмыш спорттық тартысқа 66/37 бөлімнің сарбаздары да қатысуда. Олар әскерилер арасындағы турнирде жеңіске жетуге үмітті. Дәл қазір ату алаңында 66/37 әскери бөлімінде келісімшарт негізінде қызмет ететін Марат Қасым, пневматикалық винтовкадан нысана көздеп, мергендігін көрсетуде.

Марат Қасым – ҚР ҰҰ 66/37 әскери бөлімінің сарбаз-атқышы

– Бұл енді әр әскери адамның физикалық дайындықта барлығына дайын болу керек сияқты. Әр адам дене шынықтыру керек, физикалық дайындығына, әскери адам болғандықтан. Алда әлі осындай жарыстарға қатысамын деген үміттемін.

Әскери-қолданбалы спорт түрлерінен өткізіліп отырған спартакиада 3 күнге жалғасады деп күтілуде. Алғашқы күні әскерилер табелді қарумен оқ атып, мергендіктерін көрсетсе, қалған күндері белтемірге тартылу мен шаңғы спортынан шеберліктерін ортаға салатын болады.

 

 

Бакыт Садуакасов.