МТРА жаңалықтары

«Нұр Отан» партиясы СҚОФ кезектен тыс 22-ші конференциясы өтті

Рәлия Нұрмұқанова – Мамлют аудандық мәслихатының хатшысы.

– Бүгінгі жиынға қатысып отырған делегат мүшелері облыста экономикалық, әлеуметтік салаларда еңбек етіп жүрген жандар. Атап айтсақ 60 азамат жергілікті атқарушы органдарда қызмет атқарады. Түрлі деңгейдегі мәслихаттардың 88 депутаты бар. Делегаттардың – 124-і нәзік жандылар. Бұл 35,6 пайызды құрап отыр. Айта кету қажет алқалы жиынға 213 қазақ, 72 орыс, 10 украин, және 8 татар азаматты ат салысуда.

Алқалы жиында Солтүстік Қазақстан облыстық партия ұйымы атынан «Нұр Отан» партиясының 16-шы съезіне делегаттар сайланды. Астана қаласында ұйымдастырылатын жетекші партияның отырысына Солтүстік Қазақстан өңірінен 77 делегат қатысатын болады. Солардың бірі Ғабит Мүсірепов ауданына қарасты Шөптікөл орта мектебінің қазіқ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Эльмира Қарабаева. Айта кеткен жөн, азаматша 2008 жылдан бері «Нұр Отан» партиясының мүшелігінде.

Эльмира Қарабаева – Шөптікөл орта мектебінің мұғалімі, Ғ. Мүсірепов ауданы.

– «Нұр Отан» партиясының облыстық конференциясына бірінші рет келіп тұрмын. Және республикалық съезге бірінші барғалы жатырмын. Мен үшін менің өмірімде тарихи әрі, мәнді жағдай. Осы съезден мен білім саласында басталған барлық бағдарламаларды іске асырып, еліміздің болашағы балаларды тәрбиелеу арқылы бізде еліміздің дамыған мемлекеттердің қатарына ендіру үшін бар күш -жігерімізді жұмсаймын деп ойлаймын.

«Нұр Отан» партиясының кезекті 16-шы съезі наурыз айынының 11-ші жұлдызында өтетін болады.

Джакупов Самат.