Аптадағы маңызды жаңалықтар

Егін себу науқанына дайындық барысы пысықталды

Александр Пузиков- В.С. Пустовойта атындағы бүкілресейлік майлы дақылдарды ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары

– Мен бұл көрмеге бізде шығарылған майлы дақылдардың тұқымдарын әкелдім. Бұл үлгілер солтүстікқазақстандлық шаруаларға кеңінен таныс және үлкен сұранысқа ие. Олар біздің ауа райына қолайлы.

СҚО республиканың басты астықты аймағы. Теріскейде өсірілетін ырыс дәні ел қамбасының үштен бірін толықтырады. Биылғы жылы да сапалы өнім алу үшін, жұмысқа ерте бастан қамданған абзал. Бұл мәселелер өңір шаруаларының басы қосылған жиында талқыланды.

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі

– Мемлекет басшысының тапсырмасымен шаруалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жағдай жасау үшін «Агробизнес-2020» бағдарламасында шаруаларды қолдау көзделген. Аграрлық сектор- облыс экономикасының негізі, оның үлесі жалпы өңірлік өнімнің 24 пайызын құрайды.

Биыл теріскей шаруалары 4 млн 350 мың гектар алқапқа ырыс дәнін сіңіруі тиіс. Солардың 568 мың гектары майлы дақылдарға бөлінген. Белгіленген межені бағындыруға толық мүмкіндік бар. Машина-трактор паркі сақадай-сай. Қауырт маусымда өңір алқаптарында 15 мың 300 техника жұмыс істейтін болады. Өткен жылғы орақ науқанының қиындықтарға толы болғанын ескерсек, қажетті 547 мың тонна тұқым қорының бүгіндері тек, 509 мың тоннасы дайындалған. Ал майлы дақылдарға қажетті тұқым қоры жеткілікті. Мамандар жанар- жағармаймен қамтамасыз етуде де ешқандай қиындықтар туындамайды деп отыр. «Қыс арбаңды, жаз шанаңды сайла» демекші жиында агроқұрылымдардың дайындықтары жіті пысықталды. Бұл жөнінде облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров баяндады.

Айдарбек Сапаров- СҚО әкімінің бірінші орынбасары

– Біріншіден, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуде алдыңғы қатарлы әдістерді енгізу бойынша, түбегейлі шаралар қабылдау керек. Көктемгі егіс жұмстары басталғанға дейін, тұқыммен 100 пайыз қамтамасыз етілу қажет. Агроқұрылымдарды отандық зауыттармен бекітілген келісімшарттарға сәйкес көлемде арзандатылған минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету қажет. Мемлекет қолдауын да барынша пайдаланған абзал.

Жыл сайын мұндай жиындар еліміздің 5 астықты айымағында өткізіледі. Биыл мұндай жиын бірінші болып бізде ұйымдастырылып отыр. Кездесуге қатысқан ғалымдар биыл ырыс дәнін жерге мамырдың 12-сі мен 28-і аралығында сіңіру қажет дейді.

Жексенбай Қасқарбаев- Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының директоры


–  Өткен жылғы орақ науқанындағы қиындықтар биылғы дәнді- дақылдардың технологиясына әсерін тигізбей қоймайды. Кеш басталған орақ тыңайытқыш қалдықтардың игерілуін кешеуілдетеді. Сондықтан осы егіс науқанында топырақ құнарлылығын ескерген жөн. Биыл қар қалың жауды оның үстіне қыс жылы болды ол ылғалдың сақталуын қамтамасыз етті. Тұқымды егерде технологияларды сақтаса, бітік егін алынады.

Жиынға қатысқан синоптик мамандар биылғы мамыр айында ауа райы құбылмалы болады деп отыр. Сондықтан әр күнді пайдаланған жөн. Былтырғы қиындықтарды ескерген өңір шаруалары болса, маңызды науқанға ертеден дайындықты бастапты.

Қалым Даньяров- «Даньяров» ЖШС директоры, Ақжар ауданы

– Техника , тұқым бәрі бар. 80 пайызға дайынбыз.

Сейілбек Махметов- «Бабық Бұрлық» фирмасы» ЖШС директоры, Айыртау ауданы

– Мемелкет қолдауын пайдаланамыз. Барлығымен қамтылған.

Кейін жиынға қатысқан шаруалар өз сауалдарын жолдады. Солардың бірі ауыл шаруашылығы техникасын шығаруға арналған кәсіпорын жұмысына қатысты болды.

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі

– Өндіріс басталды. Қазір барлық жұмыстар тындырылып жатыр. 2015-ші жылы 50 комбайын шығарылады. олар МЛД зауытының базасында жасалады. Финдық Сампо компаниясының комбаиндары өте ыңайлы. Әрі жақсы жұмысмен танылған.

Жиынды қорытындылаған өңір басшысы көктемгі дала жұмыстарын дер кезінде бастап, уақтылы аяқтау қажет деді.

 

Магжан Ахмадина.