МТРА жаңалықтары

9 мамыр қазақстандықтар Мәскеуде өтетін әскери шеруге қатысады

Александр Манин, ҰОС ардагері, КСРО құрметті доноры, Құрметті темір жолшы

– Ұлы жеңісті мен Новочеркаскіде қарсы алдым. Бірақ біз үшін зұлым соғысқа соңғы нүкте қойылмады. Себебі жеңгенімізді неміс фашистері мен жапон самурайлары бірден мойындаған жоқ. Сонда кеңес үкіметінің әскерлеріне шешуші шайқастарын өткізіп, олардан мықты екендіктерін тағы бір дәлелдеуге тура келді.

Сөйтіп, Александр Манин кеңес әскерлері қатарынан 1946 жылы ғана босатылады.

Александр Манин, ҰОС ардагері, КСРО құрметті доноры, Құрметті теміржолшы

– Елге оралып, Петропавл-Омбы стансасына қарасты темір жолда машинист болып, 33 жыл ел игілігі үшін аянбай қызмет еттім. Содан кейін маған мына құрметті теміржолшы атағын берді.

91 жастағы қарт майдангер әлі тың. Жазғытұрым қала іргесіндегі саяжайына барып, бау-бақшасын баптайды екен. Телефон арқылы ресейде тұратын 7 шөбересімен жиі хабарласып тұрады. Жылда 9 мамырда майдандастарымен кездесу үшін Челябі қаласына жол жүреді. Ал Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын қария Мәскеу қаласында қарсы алуды жоспарлап отыр.

Берик Касен.