Энергетика

Халықты алдап жүрген алаяқтар

Расул Ысқақов – «Петропавл қалалық электр желілері басқармасы» бастығының орынбасары.

– Мұндай аппарат ара-қашықтықтан жұмыс істей береді. Яғни тұтынушы қанша электр тогын пайдаланғанын біз интернет арқылы қадағалаймыз. Мұнымен қоса, есептеуіш көрсеткіштерді дәлме-дәл көрсетеді. Оның үстіне есептегіш құралдың арнайы тетігі бар. Ол тоқтық кернеуін бір қалыпта ұстап тұруға мүмкіндік береді. 30 жылға дейін жарамды. 2014 жылы біз Петропавл қаласы мен Бескөл ауылын қоса алғанда 13 мыңнан астам осындай құрал орнаттық.

Трансформаторлық қосалқы бекетте тұрған мына шағын ғана мәліметті жинау және тасымалдау қондырғысы орталықтың жүрегі іспеттес. Яғни жаңағы «Матрица» атты электр есептегіштен түскен барлық ақпарат осында жинақталады. Кейін автоматты түрде Солтүстік Қазақстан электр желілерін тарату компаниясына жіберіледі.

Владимир Кудряков – «Солтүстік Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы» АҚ инженері.

– Қазір мына құрылғыға 100-ден астам үйдің есептігіш құралы жалғанған. Өте тиімді. Өздігінен жұмыс жасай береді. Біз тек жылына бір рет аппараттың жағдайын қадағалап отырамыз.

Соңғы кезде аталмыш компанияның атын жамылып жүрген алаяқтардың саны артқан. Олар қала тұрғындарынан соңғы үлгідегі қондырғыны орнатып береміз деп ақша алып отырған.

Расул Ысқақов – Петропавл қалалық электр желілері басқармасы басшысының орынбасары.

– Ақпан айында бізге шағымданғандардың қатары артты. Барлығы осы жағдайға қатысты. Бұл жұмыстарға деп белгісіз біреулер тұрғындардан үш, бес мың теңге көлемінде ақша талап еткен. Мәселенің ақ-қарасын анықтауға тырыстық. Нәтижесінде олардың алаяқ екендері анықталып отыр. Өйткені, біздің кәсіпорын мұндай есептігіш құралдарын жаңасына алмастыруға қатысты, тек бір ғана мердігер компаниямен келісімшарт жасасты.

Осыған байланысты мамандар тұрғындарға абай болып, алаяқтардың арбауына түсіп қалмауды ескертеді. Себебі есептегіш құрал тегін орнатылады.

Джакупов Самат.