Спорт

СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы жылды қорытындылады

Руслан Есеналин, СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы

– Бүгінде 353 жерлесіміз спорттың түрлері бойынша ұлттық құрама сапында ел намысын халықаралық деңгейде қорғап жүр. Оның 58-і республикалық құрамаға өткен жылы ғана қосылды. Бұл 2013 жылмен салыстырғанда жоғары көрсеткіш. Біз үшін үлкен мәртебе, зор жетістік. Қазіргі таңда дене шынықтыру және спорт түрлеріне 150 мың солтүстікқазақстандық тартылды. 2013 жылмен салыстырғанда спорттық нысандардың саны 207 бірлікке артқан.

Бүгінде өңір жетекшісінің бастамасымен қысқы спорт түрлеріне ден қойыла бастады. Соның ішінде хоккей бірінші орында тұр. Мысалы, былтыр облыс аумағында 100 хокей кортының біразы жаңартылыпты. Алда өңір намысын республикалық чемпионаттарда қорғайтын хоккей құрамасы жасақталады.

Жанат Мұхаметгалеев, Петропавл қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы

– Бүгінде облыс орталығында 11 хоккей кортын орнату жұмыстары аяқталуға шақ қалды. Ағымдағы жылдың сәуір айында “Қарасай” стадионында ангар типтес жабық нысан салынбақ. Оның ішінде шайбалы хоккей ойнауға болады.

Биыл жазда Олимпиада чемпионы Александр Винокуров атындағы жеңіл атлетикалық манежі бар спорт сарайы қолданысқа берілмек. Сонда шорт-трек, мәнерлеп сырғанау, конькимен жүгіру сынды ойын түрлерін дамыту мүмкіндігі туады.

Руслан Есеналин, СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы

– Солтүстікқазақстандықтардың 60 пайызы ауылдарда тұрады. Сондықтан біз ауылды жерлерде жазғы-қысқы спорт түрлерін дамытуға басымдық береміз. Ол үшін бар жағдай жасалған. Әр ауданда балалар мен жасөсспірімдер спорт клубтары бар.

СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының сөзіне қарағанда жаһандық дағдарыс өңірімізде спорттың дамуына кері әсерін тигізбейтін сыңайлы. Керісінше, келер жылда ауқымды жобалар жүзеге аспақ.

 

 

Берик Касен.