МТРА жаңалықтары

Қысылтаяң шақтан қысылмай өтеміз

Ескен Әкімжанов – СҚО қаржы басқармасының басшысы.

– Біздің мемлекеттік кірісіміз 6 триллион 500 миллиард теңге болса, соның 900 милилардтан астамы мемлекетке түспей жатыр. Бұл бағалардың төмендеуіне байланысты. Сол үшін 700 миллирд теңге секвестор қысқартылу болмақшы. Бұл мәселе Парламентте қаралып жатыр. Мәжілісте өтті, енді Сенатта қаралатын болады. Біздің облыс бойынша айтатын болсақ, бізде бұл 14 миллиард теңге көлемінде болмақ. Бұл әлеуметтік саланы қозғамайды.

Бүгінгі күні Солтүстік Қазақстан облысы бюджетінің 55 пайыздан астамы әлеуметтік салаға бағытталған. Бұл 75 миллирд теңге шамасында. 2014 жылмен салыстырсақ, аталмыш салаға бөлінген қаржы биыл 11 пайызға жоғары. Оның үстіне үстіміздегі жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы қиын кезеңде бірқатар кәсіпкерлерге демеу болмақ.

Ескен Әкімжанов – СҚО қаржы басқармасының басшысы.

– «Жол картасы» бойынша, Елбасы айтты ғой, әлеуметтік сала қысқартылмайды деп. Соның ішінде біздің облысқа аталған бағдарлама бойынша 1,5 миллиард теңге ақша бөлінбекші. Мұның бәрі әлеуметтік мекемелерді жөндеуге жұмсалады. Және кәсіпкерлерді қолдап, жұмыс орындарын ашуға жұмсалмақшы.

Айта кету керек мұның бәрі әлемде тұрақсыздық орынаған күрделі кезеңде, сын-қатерлердің елімізге әсерін тигізбеу бағытында жасалынып отырған шаралар.

Джакупов Самат.