Балалар

“Қазақстан мен Польша арасында” атты халықаралық суретшілер көрмесінің жеңімпаздары марапатталды

Валентина Корнева – “Коперник” ОПМО төрағасының орынбасары

– Біз осы суретшілер байқауы арқылы жас суретшілердің шығармашылығын, көпқырлылығын көрсетіп, ұлтаралық мәдени байланыстарды нығайтуға жол саламыз. Көрмеге түрлі номинацияларда лауреат атанған жас шеберлердің туындылары жайғастырылған.

“Қазақстан мен Польша арасында” атты халықаралық суретшілер көрмесінде Уәлиханов ауданының оқушылары да жүлдегерлер қатарынан көрінді. Аудандағы өнер мектебінен байқауға 8 қылқалам иесі қатысып, арасында 2 оқушы лауреат атанды.

Тұрсынбек Шәйкенов – Өнер мектебінің сурет пәні мұғалімі, Уәлиханов ауданы

-Жұмыстарды оқушылар бар ынталарын салып орындап шықты. Оның ішінде Польшаның табиғаты, архитектурасы жайындағы туынды бар. Алыдмен біз бұл мемлекеттің тарихымен, ерекшеліктерімен танысып, содан кейін суреттерді салып, тапсырдық. Бүгін міне нәтижесі шығып отыр.

“Қазақстан мен Польша арасында” халықаралық суретшілер байқауының үздіктері диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Бакыт Садуакасов.