МТРА жаңалықтары

“БОМЖ” жедел-алдын алу шарасы

Вячеслав, БОМЖ

– Где питаешься?

– Да где подадут.

Қалалық ІІБ-ның қабылдап-тарату бөліміне тағы 68 адам түскен. Оның арасында бір нәзік жанды да бар. Медициналық тексеру, фото және бейне есепке алу сияқты барлық міндетті жұмыстар жүргізілгеннен кейін олар іс-түссіз жоғалғандар мен қылмыскерлер тізімі бойынша қаралады. Мекемеге жеткізілген екі адамның жеке құжаттары болмағандықтан сол жерге 30 тәулікке қалдырылды. Осындай іс-шараларды полиция қызметкерлері күн сайын жүргізеді.

Әділ Қайредденов – Петропавл қаласы ІІБ қабылдап-тарату бөлімінің бастығы

– Қабылдап-тарату бөлімінің есебі бойынша қазір кезде тұрғылықты мекен жайы жоқ 476 адам есепте тұр. Соның ішінде 361-і – ер адамдар, ал 115-сі – әйел адамдар.

Жедел-алдын алу шарасының бірінші күнінде тәртіп сақшылары 6 қылмыстың бетін ашып, тұрғылықты мекен жайы жоқ 200 адамды фото және бейне есепке алған. Жыл басынан бері қабылдап-тарату бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен 79 қылмыс әшкере болған. Аталған шара наурыздың 4-іне дейін жалғасады.

 

 

Данаш Хамзина.