Спорт

Петропавлда әйелдер арасында волейболдан жоғарғы лига ойындарының 4-ші туры бастау алды

Қайырбек Хамзин – «Қуаныш» ВК директоры

– Жергілікті команданың қыздары негізінен 14-16 жас аралығында. Құрама өте жас. Қарсыласымыз Алматылықтардың құрамындағы қыздар тәжірибелі, жетістікке жеткен, ұлттық лигада ойнап жүрген қыздар. Ойындағы мақсатымыз тек тәжірибе жинау ғана. Осы жоғарғы лигада қалу үшін тер төгіп жатырмыз. Тәжірибенің нәтижесін келер жылы көрсете жатырмыз.

Көп ұзамай ойын басталып та кетті. Бұл кездесуге қос құраманың ойыншылары да тыңғылықты дайындықпен келген. Жерлестеріміз үштікте ойнап қарсыластарының алаңына жойқын соққы бағыттағанымен, алматылық қыздардың қойған тосқауылдарын бұза алмауда.

Павел Патраков – жоғары ұлттық лига категориясындағы бас төреші

– 4-ші турда 5 команда ойнайды. Дәл қазір ең мықты ойын көрсетіп келген Өскеменнің “Шығыс” командасы. Бүгін екінші ойын Солтүстік Қазақстанның “Қуаныш” және алматылық команданың арасында өтіп жатыр. 1 жұмаға созылатын ойында әр команда 3-4 кездесу өткізеді

Дегенмен де, біздің жерлестеріміз бапкердің берген кеңестерін пайдаланып, қарсыластарынан тиісті ұпайларын ала алды. Бірінші партияда ұпай санын 14-14 есебімен теңестірген қуаныштықтар біраз уақыттан соң 22-25 есебімен бір саты жоғары көтерілді. Екінші партияда тәжірибелі қонақтар басымдық танытып, ұпай санын 18-25 қылып өз пайдаларына шешті.

– Осы екі команданың арасында “қуаныштықтар суылып алға шықса деп тілеймін.

–  Мен Петропавлдықтарға сенемін. Олар жеңіске жетеді. Соған тілектеспін.

– Өзіміздің “Қуанышқа” жанкүйермін. Бүгін олар жақсы ойын көрсетіп, жеңу керек. Жалпы қыздар жақсы ойнап жатыр.

Жанкүйерлердің қызу қолдауымен спортшы қыздар үшінші кезеңді жақсы қарқынмен бастады. Қарсыластарының осал тұсын тапқан қуаныштықтар алға ұмтылды. Жойқын соққылар бағыттап, есепті еселей түсті.

Ульяна Мищенко – «Қуаныш» ВК ойыншысы

– Бізге жаттықтырушымыздың 4-ші турға берген тапсырмасы – алдыңғы кездесулерден де жоғары дәрежеде мықты ойын көрсету. Барлық командамен бақ сынасамыз. Туған қаламыз болғандықтан, бар күш жігермен қолдайтын жанкүйерлеріміз бар. Оларды жерге қаратпаймыз!

 

Сонымен теріскей жерінде өтіп жатқан чемпионаттың 4-ші турының бірінші күнінде Қостанайлық ойыншылар 2-3 есебімен Қарағанды құрамасына есе жіберіп алса, Алматы мен Қуаныш кездесуіндегі қорытынды есеп протоколға 2:3 болып қонақ команданың пайдасына тіркелді. 5 күнге созылатын чемпионаттың екінші күні жергілікті құрама Қостанайлықтармен бақ таластырады.

Акбопе Танирбергенова