Спорт

«Солтүстік» қысқы спорт мерекесі жоғары деңгейде өтті

Бауыржан Сәдуақасов – Уәлиханов ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы.

– Дайындық 1 жыл бұрын басталды. Ол үшін ауданда 14 корд салынды. Ең жақсысы пластикалық корд. Оған демеушілер 4,5 миллион теңге көлемінде қаражат бөлді. Және жеке кәсіпкер Мейірбек Құсайынов жеке қаражатына, яғни 8 миллион теңгеге тағы бір корд тұрғызды. Біздің командамыз хоккейден бірінші рет 1-ші орын алды.

Мәртебелі додада алаң иелері 5-орынға табан тіреді. Нәтиже жаман емес. Енді болашақта Уәлихановтықтар жүлделі орыннан көрінеміз деген үмітте. Жалпы айтулы жарысқа бірінші және екінші кезеңді қоса есептегенде барлығы 4000-ға жуық азамат қатысқан.

Олег Гурский – қысқы президенттік көпсайыстан ҚР спорт шебері.

– «Солтүстік» қысқы спорт түрлерінен жарысқа мен 2003 жылдан бастап қатысып келемін. Яғни 15 жасымнан бері. Мен мұндай додалардың өтіп тұруын құптаймын. Себебі мықты деген спортшылар ауыл аймақтардан шығады. Оған дәлел ретінде өзімді мысалға келтіруіме болады. Қазір қысқы президенттік көпсайыстан ҚР бірнеше дүркін чемпионымын.

Айта кету қажет финалдық ойындардан 6 кәсіби спортшы қуылған екен. Олар өзгенің атынан жарысқа қатыспақ болған. Енді 2016 жылы “Солтүстік” мерекесі Аққайың ауданында ұйымдастырылатын болды.

Джакупов Самат .